27.10.2023, 21:46 29231

Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды
Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
Сурет: polisiz.kz
Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда Әл-Фараби АПБ-ға Тәуке хан көшесі бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Ол 1969 ж.т. жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру кезінде, екі ер адамның арасында туындаған жанжал барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды.

Жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" СДТБТ-ға тіркелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазыргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны