26.11.2024, 18:09 1231

Шымкентте колледж студенті соққыға жығылды

Шымкентте колледж студенті соққыға жығылды
Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып, балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды ktk.kz.

Белгілі болғандай, директордың орынбасары ұлдарды жертөлеге кіргізіп алып, сағаттап ұрған. Ал оған себеп - студенттердің мұғалім туралы әлеуметтік желідегі әзілі. "Парасат" колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары үлкен курс студенттері мен дене шынықтыру мұғалімдерін жинап, солардың көзінше сабады дейді тәлімгерлер. Дегенмен педагогтің өзі мұны жоққа шығарып отыр.

Соққыға жығылған студенттердің бірі - Константин Зорин директордың орынбасарының "ТикТок парақшасындағы бір әңгімеге күлгеніміз үшін таяқ жедік" деп отыр.

Қазыбек Ержанов мұның бәрін жоққа шығарды. Тіпті соққыға жығылған қос студентті "бүкіл колледж бұзақы ретінде таниды" дейді директордың орынбасары. Былтыр полиция шақыруға тура келген екен. "Мүмкін соны кешіре алмай, жала жауып жатыр" деп ақталды.

Соққыға жығылған студенттердің ата-анасы ұлдарын оқу орнынан шығарып алды. Полицияға арыз жазып, прокуратура істі бақылауына алса деген өтініші бар. Ал таяқ жеген жігіттердің "жас болса да, тым қу" деген колледж басшылығы жала жабу дерегімен "біз де арызданамыз" деп бекініп отыр, деп хабарлайды ktk.kz.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны