26.04.2024, 17:13 111546

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыс топ сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыс топ сотталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 23 сәуірде ұйымдасқан қылмыс тобы құрамында заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты үкім заңды күшіне енді ( ҚК-тің 262-бабы 1,2-бөліктері, 337-баптың 6-бөлігі 1-тармағы).

Сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра, төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмыстарына өкінбеген.

Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеді.

Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алумен үкім шығарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны