24.07.2024, 13:17 43956

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 30 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуына жол бермеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 30 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен. Агенттік құзыреті шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарлы бағаларын көтеру тұрғысынан мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуына мониторингті жүзеге асырады. Қазіргі сәтте жалпы сомасы 30 млрд теңгеге бағаның көтерілуіне жол берілмеді. Жоба басталғаннан бері, шамамен, 171 млрд теңге үнемделді (2020 ж. бастап). Негізінен, әртүрлі деңгейдегі әкімдіктер түрлі техника мен жабдықтарды, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын сатып алу кезінде бағаның көтерілуіне жол берді. Мәселен, Көкшетау қаласында Құрылыс бөлімі 1,1 млрд теңгеге қосалқы трансформатор станциясын сатып алуды жоспарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымынан кейін, баға 896 млн теңгеге дейін төмендетілді. БҚО-да "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты өрт сөндіру (95 млн) және жүк-жолаушылар автомашиналарын (әрқайсысы 26 млн) 174 млн теңгеге сатып алуды көздеді, олардың нақты құны 40%-ға төмен (тиісінше 69 млн және 18 млн теңге). Автокөліктердің бағасы қайта қаралды, үнемделген сома - 50 млн теңге. Павлодар облысында Ақсу қ. Құрылыс бөлімі жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге 9 қабатты көп пәтерлі екі тұрғын үй салуды жоспарлады. Бұл ретте, 2023 жылы қарашада ұқсас құрылым 1,1 млрд теңгеге тұрғызылды. Бағаны қайта қарау нәтижелері бойынша құрылыстың жалпы құны 2 млрд теңгеге дейін төмендетілді. 1,7 млрд теңгеге жоғарылтуға жол берілмеді. Алматы қ. Білім басқармасы 25 қалалық мектеп үшін 1,9 млрд теңгеге ас үй жабдықтарын жаңғырту бойынша көрсетілетін қызметтерді жоспарлады (бірлігінің бағасы 70-тен 79 млн теңгеге дейін, нарықтық құны 20 млн теңгені құрайды). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымынан кейін 23 мектеп бойынша сатып алу тоқтатылды, екі мектеп бойынша сатып алу нарықтық құны бойынша өткізілетін болады. Қалалық мәслихаттың шешімінен кейін 1,8 млрд теңге мөлшеріндегі қалған сома бюджетке қайтарылатын болады. Мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны