01.02.2024, 14:13 31336

Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 530 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

3 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды
Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 530 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Сурет: Depositphotos
Облыс прокуратурасы "Жетісай ауданының білім бөлімі" ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды.

Қазіргі таңның өзінде келтірілген залалдың соммасы 530 млн.теңгені құраған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны