24.04.2024, 17:14 26106

Түркістан облысында оқушыны зорлады деген күдікпен кәмелетке толмаған ұсталды

Түркістан облысында оқушыны зорлады деген күдікпен кәмелетке толмаған ұсталды, деп хабарлайды Түркістан облысының ПД баспасөз қызметінен.

Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда.Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды.

Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны