09.12.2024, 11:42 33371

Талғар маңынан марқұм Шерзат Полаттың ағасының денесі табылды

Талғар маңынан марқұм Шерзат Полаттың ағасының денесі табылды
Талғардың шетінде кәмелетке толмаған адамды өлтіру ісімен байланысты ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсады.

Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы кезеңде қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады.

Марқұм Ш. Полаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын атап өтеміз. Марқұмның отбасына қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзетті жүзеге асырған қызметкерлердің түсіндірмелерінен ер адамның күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып, жеке автокөлікпен кеткені анықталды.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Қосымша мәліметтер олардың түсуіне қарай ұсынылатын болады.

Тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны