24.10.2023, 14:35 22021

Талдықорған мектептерінде бюджет қаражаттын жымқыру фактісі бойынша 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Қылмыстық іс бойынша 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады, оның ішінде 9-ы соттың санкциясымен қамауда
Талдықорған мектептерінде бюджет қаражаттын жымқыру фактісі бойынша 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Сурет: Depositphotos
Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс прокуратурасын үйлестіру кезінде Талдықорған қаласының білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты бюджет қаражатын жүйелі негізде аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.

Күдікті тұлғалар 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде білім беру саласында шың мәнінде жұмыс істемейтің тұлгаларға жалақы төлеу және мектеп қызметкерлерінің жалақысын көтеру арқылы 4,6 млрд.теңге сомасына жымқыру жасады.

Қылмыстық іс бойынша 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады, оның ішінде 9-ы соттың санкциясымен қамауда.

Бұдан басқа, тартылған адамдардың ішінен -21 адам Талдықорған қаласы білім бөлімінің және 14 орта мектептің бухгалтерлері.

Залалды өтеу мақсатында соттың санкциясымен 31 жылжымайтын мүлік объектісі, 14 автомашина, зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражат қамауға алынды, сондай-ақ күдікті тұлғалардың жалпы сомасы 3 млрд.теңгеден астам өтеуі жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны