29.09.2023, 17:44 31446

Тараз қаласында "The Finiko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару дерегі тергелуде

Тараз қаласының аумағында "The Finiko" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісін ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті тергеуде, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Өңірде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар "Thefiniko.СОМ" бағдарламасы арқылы салымшыларды (инвесторларды) тартқан. Олардың қаражатына (крипто валютасына) әлемдік биржаларда ойдан шығарылған трейдингті жүзеге асырып, кейіннен кірісті қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында бөлгені анықталды.

2021 жылғы шілдеде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "The Finiko" жобасын ресми түрде қаржы пирамидасы деп таныды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу амалдары мен тиісті сараптамалар жүргізілуде, нәтижесінде қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны