26.10.2023, 16:10 24256

Қызылордада қылмыстық жолмен жымқырылған 101 млн теңге мемлекетке қайтарылды

Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өндірілді
Қызылордада қылмыстық жолмен жымқырылған 101 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Сурет: gov.kz
 Қызылордада қылмыстық жолмен жымқырылған 101 млн теңге мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Қызылорда облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қызылорда облысының прокуратурасы "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ (бұдан әрі - ӘКК) қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында "Агро Холдинг "Байқоңыр" ЖШС (ӘКК-нің еншілес ұйымы) "Мега Агро" ЖШС-дан (бұдан әрі - Жеткізуші) 2400 тонна күріш астығын 120 млн теңгеге сатып алу туралы 02.03.2018ж. келісім-шарт жасағаны анықталды. Қаражат толық көлемде аударылған. Шарт талаптарына сәйкес тауар 30.09.2018ж. дейін жеткізілуі тиіс. Өз кезегінде Жеткізуші өз міндеттерін толық орындамай, 101 млн теңге мемлекет қаражатын бас пайдасына шығындаған", деп мәлім етті прокуратурадан.


Сондай-ақ, олардың хабарлауынша сол мерзімде көрсетілген 2 серіктестіктің басшысы М.Еспанов болған.

Осылайша М.Еспанов мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам бола тұра, өзіне тиесілі "Мега Агро" ЖШС арқылы бюджет қаржысын жымқыру мақсатында аффилирленген шарт жасаған.

Бұл факт бойынша облыс прокуратурасы 19.08.2022ж. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тіркеді.

Тергеу барысында М.Еспановқа қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, оның әрекеті ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағынмен қайта сараланып, ол кінәсін толық көлемде мойындады және қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жалағаш ауданы сотының 03.10.2023ж. үкімімен М.Еспановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындалды (үкім заңды күшіне енді).

Мемлекетке келтірілген 101 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өндірілді.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны