20.03.2025, 10:57 3971
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы Әзірбайжаннан экстрадицияланды
Достарға айту
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы Әзірбайжаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР Әзербайджандағы Елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматшасын заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады.
Аталған тұлға 2023 жылы Алматы қаласында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, сол үшін аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды.
Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.03.2025, 19:52 13506
Тараздағы "Қазақтелеком" ғимараты төмен бағамен сатылған
Достарға айту
Қазақтелеком" АҚ Сервистік фабрикасы - филиалының лауазымды адамдарына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров.
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын "Қазақтелеком" АҚ Сервистік фабрикасы - филиалының лауазымды адамдарының өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Бас директор мен филиал қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында Тараз қаласындағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмендетілген құны бойынша мемлекетке 460 млн теңгеден астам сомаға залал келтіре отыра іске асырды деп күдіктенуде.
Қабылданған шаралармен жылжымайтын мүлік объектісі мемлекеттік меншікке берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.03.2025, 19:25 13246
Астанадағы ТҚС-лардың бірінің қосалқы бөлмесінен арыстанның күшігі табылды
Тергеу жүргізіліп жатыр
Достарға айту
Астанадағы ТҚС-лардың бірінің қосалқы бөлмесінен арыстанның күшігі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз ұсталған арыстанның күшігін анықтады. 27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды ТҚС-ның қосалқы бөлмесінде ұстаған.
Қазіргі таңда абдан тәркіленіп, жақын арада зообаққа жіберіледі.
Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.03.2025, 18:50 13941
Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлімінің басшысы сотталды
https://web.telegram.org/k/#@antikornews
Достарға айту
Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Қабылданған шаралар мен тетіктер кешені қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға және заңдылықтың бұзылуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
Мәселен, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлім басшысы Б.Қ. Базарбекке қатысты үкім шығарды.
Ол Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорының 103 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.
Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.03.2025, 17:40 25601
Астанада студенттерді грантқа ауыстыру жөнінде уәде беріп, ақшаларын иемденген алаяқ сотталды
Достарға айту
Астанада студенттер мен олардың ата-аналарын алдап, грантқа ауыстыру жөнінде уәде беріп, ақшаларын иемденген бұрынғы ЖОО қызметкері сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істей отырып, ол студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін "шешіп" бере алатынына сендірген.
2023-2024 жылдар аралығында ол алаяқтық жолмен 3 млн теңгеден астам қаржыны иемденгені анықталды. Оның әрекетінен 15 адам зардап шеккен.
Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелді.
Кінәсін мойындап, залалды өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескеріліп, ол 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.03.2025, 17:32 25906
Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Достарға айту
Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья С. Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Тергеудің мәліметінше 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын қолды қылған.
Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді.
Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.03.2025, 13:25 26506
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Nazira Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты
Достарға айту
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Nazira Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.
Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.
Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.
Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.
Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген.
Күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2025, 12:41 37126
Ақтөбе облысында заңсыз ет цехы және ауылдағы мал ұрлығы ашылды
Достарға айту
Ақтөбе облысында заңсыз ет цехы және ауылдағы жылқылар ұрлығы ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы полиция департаменті мал ұрлығын алдын алу, оны ашу және жолын кесу мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс аумағында 5 мал ұрлығы тіркеліп, олардың 3-уі ашылды.
Қазіргі уақытта республика аумағында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған шара барысында Ақтөбе қаласында ет өнімдерін өңдеу және заңсыз сату ісімен айналысқан цех анықталды. Бұл цехта ет рұқсат құжаттарынсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып өңделіп, сатылып келген. Полиция қызметкерлері цехтан бөлінген ет пакеттерін, бірнеше тартылған ет пакетін, тұтас ұшаны, ірі қара мал бастарын, ет қалдықтарын және етті кесуге арналған жабдықтарды тәркіледі.
Сондай-ақ Мұғалжар ауданында 4 жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің шаруашылығынан қос ұңғылы аңшылық мылтық, ет кесуге арналған түрлі пышақтар, арқан, таразы, сондай-ақ жануарлардың ішкі бөліктері тәркіленді. Барлық фактілер бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2025, 12:37 36791
Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған шот-фактура жазған компанияның директоры сотталды
Достарға айту
Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған шот-фактура жазған компанияның директоры сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру саласындағы заңдылықтың жағдайына тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесінде "A" ЖШС құрылыс компаниясы іс жүзінде жұмыстар орындамай, тауарларды тиеп - жөнелтпей жалған шот-фактура жазған фактілері анықталды.
Сонымен қатар компания жұмысшыларына зейнетақы, әлеуметтік және жеке табыс салығын төлемеген.
Нәтижесінде мемлекетке 640 миллион теңгеге залал келтірілді.
Қала прокуратурасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігіне (аса ірі мөлшерде іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, істі сотқа жолдады.
14.02.2025ж. сот үкімімен "A" ЖШС-ның директорына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.03.2025, 09:57Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді 20.03.2025, 13:03 Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды8811Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды20.03.2025, 16:25 8221Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап өтеді20.03.2025, 17:38 7571Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды20.03.2025, 17:49 7326Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды
14.03.2025, 21:38 107991Үкіметте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы талқыланды14.03.2025, 18:07 107726Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді14.03.2025, 18:35 107411Үкіметте 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халық ең тығыз қоныстанған өңірлердің инвестициялық өсімі қаралды14.03.2025, 17:27 96271Тоқаев Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қажеттігін мәлімдеді14.03.2025, 15:56 89311Талқылауды аяқтау керек - Тоқаев Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы ойын айтты
25.02.2025, 14:43 140851Абай облысында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды21.02.2025, 10:07 137641СҚО-да 88 елді мекен ауыз сусыз отыр07.03.2025, 16:20 135511Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 132111Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді27.02.2025, 16:48 131591Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады