29.01.2025, 11:55 14776

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар әшкереленді

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар әшкереленді
Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар әшкереленді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

2024 жылдың 14 маусымында Қордай ауданы Енбек ауылының жанында шекара қызметімен бақылау-өткізу пунктінен тысқары жерде Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Өзбекстанның үш азаматы ұсталды.

Құқық бұзушыларға қатысты аудан прокуратурасы мен шекара қызметі ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен қылмыстық істер тіркеп, тергеу нәтижесімен қылмыстық істер аудандық сотқа жолданды.

Сот үкімімен мигранттар 6 айға бас бостандығынан айыра отырып, Қазақстан Республикасы аумағынан 5 жылға шығару жазасы тағайындалды.

Кейіннен, аудан прокуратурасының үйлестіруімен құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен іс материалдары қосымша зерделеу барысында осы шетелдіктермен шекараны заңсыз кесіп өтуін ұйымдастырған 3 жергілікті тұрғын анықталды.

Бұл заңсыз көші-қонның тұрақты арнасы ұзақ уақыт бойы әрекет етті.

2025 жылғы 21 қаңтарда ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұл баптың санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Осылайша, Қордай ауданында шекара аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының бірі тоқтатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны