16.04.2024, 16:17 41061

Жетісу облысында синтетика өндірген ірі есірткі зертханасы жойылды

Саяжай үйін тінту кезінде шамамен 44 келі мефедрон және 2 келі "пирролидиновалерофенон - Α-PVP" синтетикалық заты, есірткі өндіруге қажетті реактивтер мен құралдар, сондай-ақ 28 мың АҚШ доллары табылды
Жетісу облысында синтетика өндірген ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңір полициясы мен Жетісу облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін ірі есірткі зертханасын жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарымен Алматы облысы Іле ауданының аумағындағы саяжай үйінде синтетикалық есірткіні өндірумен айналысқан 22 жастағы алматылық аруды ұстады. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram каналы арқылы тапқаны белгілі болды", - деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.


Саяжай үйін тінту кезінде шамамен 44 келі мефедрон және 2 келі "пирролидиновалерофенон - Α-PVP" синтетикалық заты, есірткі өндіруге қажетті реактивтер мен құралдар, сондай-ақ 28 мың АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

Құқық қорғау қызметкерлері 45 келі астам синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл бір рет қолданатын 90 мың дозаға тең. Оның құрамы тиісті сараптамамен расталды. Есірткі заттарын заңсыз жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - деп түйіндеді С. Құсаинов. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі Қазақстан аумағында сатуға арналған.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны