Қазақстанда жем-шөп дақылдарының егіс алқабы ұлғайтылады
Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктеріне жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын көбейтіп, шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын жаңғырту тапсырды.
Сурет: Depositphotos
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі таңда ірі азықпен қамтамасыз ету 80%-ды, шырынды азықпен 40%-ды, құнарлы азықпен қамтамасыз ету 50%-ды құрайды. Дегенмен, мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін толық қамтамасыз етумен қатар, азықтың сақтандыру қоры да болуы тиіс. Сонымен қатар тиісті абаттандыру жұмыстарын жүргізбей, қарқынды пайдалану салдарынан жайылымдық алқаптар өнімділігінің нашарлау проблемалары бар", — деді ҚР АШМ басшысы.
Мал азығы базасының проблемасын шешу мақсатында өткен жылы Министрлік Жем-шөп өндірісі саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын әзірледі.
Алайда, жергілікті жерлерде онда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша әлі де жүйелі жұмыс жоқ, мал шаруашылығын жем-шөп базасын есепке алмай дамыту процесі жалғасуда. Кепілдендірілген азық базасынсыз жұмыс істейтін мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз деп санаймыз", - деді министр.
Бұдан басқа, жалғастырды Қарашөкеев, мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудағы қазіргі мәселелер, атап айтқанда, шаруашылықтарға мал бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындарына ет контингентін жеткізу бойынша міндеттемелер мен мотивацияның болмауы, субсидиялаудың жоғары сыбайлас жемқорлық сипатқа ие селекциялық-асыл тұқымдық жұмысқа шамадан тыс шоғырлануы, мал бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындарының жартылай жүктелуіне алып келді.
Соның нәтижесінде жоғары технологиялық өнеркәсіптік бордақылау мен мал союдың орнына қосымша құн мен мал шаруашылығынан түсетін салық түсімдерінің тиісті шығындарымен, жергілікті жерлердегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлауымен аулалық бордақылау мен мал сою дами бастады", - деп түсіндірді ол.
Тағы бір мәселе, оның айтуынша, – мамандардың тапшылығы. Қазіргі уақытта жергілікті жерлерде ветеринарлардан басқа, зоотехник-технологтар мен зоотехник-селекционерлердің жетіспеушілігі байқалады. Әсіресе, өндірістік құс шаруашылығында кадрлық қамтамасыз ету бойынша күрделі жағдай байқалады. Сонымен қатар жас мамандарды жергілікті жерлерде қалдыру мәселесі бар.
Қарашөкеев мал шаруашылығын дамытудың тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыру үшін мынадай шаралар қабылданатынын хабарлады:
Бірінші. Жем-шөп өндірісін дамыту жөніндегі жол картасында көзделген барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
Мал шаруашылығы бойынша субсидия алушылар үшін субсидиялау тетігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жем-шөп өндірісі бойынша қуаттардың және ауыспалы егісте жем-шөп алқабының болуы бойынша міндетті талаптар енгізілетін болады. Министрлікте кепілдендірілген мал азығы базасы болмаса, жұмыс істейтін мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз деп санайды", - деді ол.
Екінші. Бақылаушы органдардың ұсынымдарына сәйкес субсидиялаудың қазіргі көптеген бағыттары жүйелендіріледі және оңтайландырылады. Бұл ретте ғылыми негізделген нормаларды ескере отырып, субсидиялау нормативтері қайта қаралады.
Үшінші. Мал шаруашылығын білікті мамандармен, ең алдымен ветеринарлармен және зоотехниктермен кадрлық қамтамасыз етуге назар аудару қажет.
Төртінші. Ветеринария жүйесін реформалау есебінен мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсету сапасын арттыру.
Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктеріне жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын көбейтіп, шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын жаңғырту тапсырды. Бұл жұмыстарды қаржыландыруға басымдық беру керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.