01.10.2021, 20:59 93212

Қазақстанда қыркүйек айында инфляция 0,4%-ды, жыл басынан бері - 6,2%-ды құрады

НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАЗАН - Қазақстанда қыркүйек айында инфляция 0,4%-ды, жыл басынан бері - 6,2%-ды құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір айда (2021 жылғы қыркүйек 2021 жылғы тамызға) баға азық-түлік тауарларына – 0,1%, азық-түлік емес тауарларына – 0,6%, ақылы қызметтерге 0,7% жоғарылады.

Статведомство мәліметтері бойынша, бағаның өсуі құс етіне – 2,3%, қарақұмық жармасына – 1,7%, сиыр етіне – 1,6%, жылқы етіне – 1,4%, қаймаққа – 1,2%, пастерленген сүтке, айранға, сүзбеге, құмшекер қантқа – 1,1%-дан, макарон өнімдеріне – 1%, сары майға, нанға – 0,9%-дан, ұнға – 0,8%, кондитерлік өнімдерге – 0,7%, күнбағыс майына, ірімшікке, шошқа етіне 0,6-% дан белгіленді. Темекі өнімдері 0,5% қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа – 9,5%, жаңа жиналған көкөністерге – 8,7%, жаңа жиналған жемістерге 2,4% тіркелді.

Баға өсімі жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,3%, автомобильдерге – 0,9%, тоқыма бұйымдарына – 0,8%, құрылыс материалдарына – 0,5%, киім және аяқ киімге 0,4% құрады. Дизель отыны – 3,8%, тас көмір – 1,9%, ағаш – 1,2%, баллондағы сүйытылған газ 0,9% қымбаттады.

Баға деңгейі білім беру қызметтеріне – 6,3%, стоматологиялық қызметтеріне, моншаға бару 0,6%-дан жоғарылады. Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 2,1% өсті. Жолаушылардың әуе көлігінің қызметтері 9,5% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға 0,6% төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны