23.01.2025, 18:54 1146

2025 жылы әлеуметтік салаға арналған бюджеттік шығыстар 9,6 трлн теңгені құрайды

2025 жылы әлеуметтік салаға арналған бюджеттік шығыстар 9,6 трлн теңгені құрайды
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Үкіметтің басым міндеттері - азаматтарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып отыр. Бюджетті жоспарлау және атқару кезінде аталған бағыттарға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Осылайша, биыл Үкімет бюджеттік жоспарлау шеңберінде адами капиталды, әлеуметтік саланы дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламаларға байланысты баптар бойынша қаржыландыруды ұлғайтуды көздеді.

2025 жылы республикалық бюджет шығыстары 25,8 трлн теңге болды. Атап айтқанда, биыл әлеуметтік салаға арналған шығыстар 9,6 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды, бұл жалпы шығыстар көлемінің 37,2%-ын құрайды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге (29,8%); экономиканың нақты секторын дамытуға - 2,2 трлн теңге (8,5%); өзге шығыстарға - 3,4 трлн теңге (13,3%) бөлінді.

Бұл ретте 2024 жылы республикалық бюджет шығыстары 23,6 трлн теңгені құрады. Әлеуметтік салаға шамамен 8,8 трлн теңге (жалпы көлемнің 37,3%-ы) бөлінді. Өткен жылы халықты әлеуметті қамсыздандыру меназаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалған шығыстар 5,3 трлн теңгені құрады. Денсаулық сақтау саласын қолдау және дамытуға - 2,2 трлн теңге; ғылым мен жоғары білімге - 700 млрд теңге; білімге - 300 млрд теңге; туризм мен спортқа - 200 млрд теңге және басқа салаларға бөлінді.

Еліміздің өңірлеріне ерекше көңіл бөлінді. Оларды қолдау үшін Үкімет субвенциялар, нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 7.1 трлн теңге бөлді. Сонымен қатар 2024 жылы экономиканың нақты секторын дамытуға 2,2 трлн теңге (9,3%) бағытталды; басқа шығыстар 3,4 трлн теңгені (14,3%) құрады.

2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда жалпы мемлекеттік шығыстардың ұлғаюы кезек күттірмейтін шығыстар мен ТЖ, сондай-ақ ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелерді орындау шығыстарының жоспарланған резервімен байланысты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны