23.01.2025, 12:10 3066

Қазақстанда 2024 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы 870 тен астам қылмыс жасалған

Қазақстанда 2024 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы 870 тен астам қылмыс жасалған
Жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 5%-ға (140 272-ден 132 778-ге дейін) төмендеді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Адам өлтіру (-4%, 591-ден 566-ға дейін), денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-10%, 1806-дан 1627-ге дейін), тонау (-24%, 2030-дан 1551-ге дейін), ұрлық (-28%, 42639-дан 30593-ке дейін), мал ұрлау (-31%, 1520-дан 151-ге дейін), кәмелетке толмағандардың қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар (-0,2%, 876-дан 874 дейін) және жасөспірімдер қылмысы (-2%, 1 925-тен 1 890-ға дейін) қысқарды.

Заңсыз әрекеттердің бұл санаттары халық үшін барынша жаралы болып табылады.

2024 жылы алаяқтықтың шамалы өсуі тіркелді (+0,8%, 44 786-дан 45 156-ға дейін), бұл ретте интернеттегі алаяқтық 5%-ға (21 777-ден 22 870-ке дейін) өсті.

Мұндай құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен басталып, кейіннен зардап шеккендерге несие ресімдеумен аяқталады.

Осыған байланысты Бас прокуратураның тікелей үйлестіруімен банктерге және телекоммуникация операторларына қатысты 30 қылмыстық іс тіркелді.

2024 жылғы шілдеде Ұлттық банктің негізінде алаяқтыққа қарсы орталық құрылды, ол қатысушылардың заңсыз транзакцияларды анықтауына және жедел бұғаттауына және нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуына мүмкіндік береді. Оған 60-тан астам ұйым (банктер, ірі төлемді, микроқаржылық ұйымдар және Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері) қосылған.

Алаяқтыққа қарсы орталық 1,2 миллиард теңгенің аударымдарын бұғаттап, 81 миллион теңгені өз еркімен қайтартты.

Өткен жылы негізсіз байығаны үшін "дропперлерден" азаматтық тәртіпте ақшалай қаражат өндіріп алу практикасы енгізілді.

Мәселен, Павлодар облысында соттың 83 шешімі бойынша 110 миллион теңге, Шығыс Қазақстан облысында 100 миллионнан астам теңге өндіріп алынды.

Сонымен қатар байланыс операторларымен бірлесіп SIM-бокстарын анықтау әдістемесі әзірленді (оның иелерін сәйкестендірместен, шетелден интернет арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік беретін жабдық).

Ішкі істер министрлігі 19 құрылғы мен 6 мыңнан астам SIM картаны анықтап, тәркіледі.

Сонымен бірге алаяқтықпен күресу мақсатында бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды.

Осылайша, 2024 жылдың 20 тамызында "Банкілер және банкілік қызмет туралы" заңға кредит берушілерді азаматтарға заңсыз ресімделген қарыздарды есептен шығаруға және алаяқтық фактілері бойынша істерді тергеу кезінде олардың күшін тоқтата тұруға міндеттейтін түзетулер күшіне енді (Заңның 34-бабының 15-тармағы).

Мұндай шаралар азаматтарды қорғаудың тиімді әдісі болып табылады.

Жұмысты жетілдіру нәтижесінде есірткі қылмыстарын анықтау айтарлықтай өсті (+17%, 7 165-тен 8 363-ке дейін).

Заңсыз айналымнан 25 тоннадан астам есірткі құралдары, оның ішінде 1,5 тоннадан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Бас прокурордың нормативтік нұсқауы бойынша құқық қорғау органдары мен прокурорлар есірткі зертханаларын белсенді түрде анықтауға және есірткі топтарының қызметін тоқтатуға, жарнама мен есірткі насихатын жоюға бағдарланған.

Нәтижесінде, есірткі саудасымен айналысатын 13 қылмыстық топтың қызметі тыйылды, оның 2-уі трансұлттық.

95 есірткі зертханасы анықталып, жойылды.

Бас прокуратураның "Нашақорлыққа жол жоқ" жобасын жүзеге асыру аясында 47 мыңға жуық есірткі граффитиі тіркелді және жойылды.

36 есірткі жарнамалаушы ізін суытпай ұсталды.

01.02.2025ж. Есірткі өндіру мен сатуды ұйымдастырушылардың жауапкершілігін күшейту туралы заң қабылданды, сондай-ақ қарапайым есірткі курьерлерінің жауапкершілік шегі төмендетілді.

Балаларға қатысты жасалған қылмыстар прокуратураның ерекше назар аударатын саласы болып қала береді.

Мәселен, 2024 жылы прокурорлар бүкіл ел бойынша "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын жүзеге асырды, оның мақсаты өмірлік жағдайы қиын немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау болды.

Прокурорлардың үйлестіруімен прокуратура, полиция, білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау қызметкерлерінен және психологтардан құралған (115 мыңнан астам отбасын қамтыды) жылжымалы топтар құрылды.

Нәтижелері бойынша балаларға күш қолдану арқылы жыныстық қол сұғушылық көрсету, отбасындағы қинау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамау және т.б. фактілері бойынша 73 қылмыстық іс тіркелді.

Сонымен бірге, прокурорлар тіркеуден жасырылған, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы 40 қылмысты анықтады.

Өткен жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы істерді тергеу аясында салғырттық, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау және балаларға қатысты жасалған қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ зардап шеккен балалардың ата-аналарына қатысты 40 қылмыстық іс тіркелді (3-еуі сотталды).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны