02.10.2020, 21:20 10396

Өңдеуші өнеркәсіп экономикада еңбек өнімділігі бойынша көш бастап тұр

2010 жылдан бастап 2019 жылға дейін индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдарында бұл көрсеткіш 2010 жылғы 1 жұмыспен қамтылған адамға шаққанда 4,4 млн теңгеден 2019 жылы 13,7 млн теңгеге дейін 3,1 есе өсті.

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - Өңдеуші өнеркәсіп экономикада еңбек өнімділігі бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Еңбек және ресурс шығындарының нәтижелілігін сипаттайтын еңбек өнімділігі көрсеткіші - индустрияландыру жүргізу тиімділігінің аса маңызды индикаторларының бірі.

Өңдеуші өнеркәсіп - экономика салалары арасында еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсу серпіні бойынша көшбасшы. 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейін индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдарында бұл көрсеткіш 2010 жылғы 1 жұмыспен қамтылған адамға шаққанда 4,4 млн теңгеден 2019 жылы 13,7 млн теңгеге дейін 3,1 есе өсті.

Өңдеуші өнеркәсіп салалары бөлінісінде индустрияландырудың 10 жылы ішінде фармацевтика саласындағы еңбек өнімділігі 11,7 есеге (2009 ж.-2,8 млн тг/адам, 2019 ж. - 32,5 млн тг/адам, химия өнеркәсібінде 5,8 есе (2009 ж.-1,7 млн тг./ адам, 2019 ж. - 10 млн тг./ адам), сусындар өндірісінде 7,2 есе (2009 ж. - 4 млн тг./ адам, 2019 ж. - 29 млн тг./ адам), машина жасау саласында 4,4 есе (2009 ж. - 1,4 млн тг./ адам, 2019 ж. - 5,9 млн тг./ адам), мұнай өңдеу 3,2 есеге (2009 ж.- 17,9 млн тг./ адам, 2019 ж. - 58,1 млн тг./ адам), азық-түлік өнімдерін өндіруде 3,2 есе (2009 ж. - 3,2 млн тг./ адам, 2019 ж. - 10,3 млн тг./ адам) және металлургия саласында 3,1 есеге (2009 ж. - 7,8 млн тг./ адам, 2019 ж. - 24,1 млн тг./ адам) өсті.

Индустрияландыру жылдарында өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі орташа жылдық өсу қарқыны 13,4% - ды құрады, бұл тау-кен өнеркәсібінің (5,4%), құрылыстың (8,0%), қаржы секторының (4,6%), көлік пен қоймалаудың (11,2%), қызмет көрсету секторының (11,2%), өнеркәсіптің (9,7%) және экономиканың (12,1%) ұқсас көрсеткішінен жоғары.

Анықтама үшін:

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еншілес ұйымы болып табылады. Негізгі қызметі Қазақстанның индустриялық саясатын әзірлеуге, экспортты ілгерілетуге, мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, транзит пен логистиканы дамытуды үйлестіруге, индустриялық инфрақұрылымды (арнайы эклономикалық аймақтар, индустриалды аймақтар) дамытуды үйлестіруге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны