20.10.2021, 17:55 60014

Алкоголь өнімі тек қағаз маркаларымен таңбаланатын болады

Қазақстанда есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың қолданыстағы тетігін сақтау туралы шешім қабылданды.
НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚАЗАН - Қазақстанда есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың қолданыстағы тетігін сақтау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алкоголь өнімін таңбалау және қадағалау бойынша қолданыстағы пилотты аяқтау және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың қолданыстағы тетігін сақтау туралы шешім қабылданды. Бұл ретте, бақылау салықтық және азаматтық бақылау жолымен жүзеге асырылады", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

 
Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Үкіметінде Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті, оның барысында алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау пилоттық жобасы бойынша мәселелер қаралды.
 
Нәтижесінде, бөлшек сауда сатушылары үшін таңбаланған темекі өнімдерімен жұмыс жасаудың бизнес-процестерін жеңілдету туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта таңбаланған темекі өнімдерімен жұмыс жасау бөлігінде бөлшек сауда сатушылары үшін бизнес-процестерді жеңілдету бөлігінде Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша бұйрықтың жобасы әзірленді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны