10.02.2025, 10:34 4996

"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде

Zhastarmen жастарды әлеуметтік маңызды бастамаларға тарта отырып, есірткіге қарсы құқық бұзушылықтармен күресті белсенді түрде жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жақында Алмалы ауданында өткізілген торуылдаулар (рейдтер) студенттердің, Полиция департаментінің және ҚР ҚМА Кинологиялық орталығының өзара іс-қимылының тиімділігін көрсетті.

Есірткі құқық бұзушылық картасы негізінде ұйымдастырылған бірлескен торуылдау аясында есірткі құралдарын жасырын белгілеушілер ұсталды.

Олардың біреуінен тыйым салынған заттың 40 орамы тәркіленді, бұл ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға негіз болды.

Сондай-ақ торуылдауға қатысушылар ғимараттарға салынған 100-ден астам наркограффитіні жойып, есірткі жарнамасын таратқан адамдарды ұстады.

Есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жалғасуда және "Zhastarmen" жобасы барлық адамдарды сырт қалмай, қоғамдағы позитивті өзгерістердің бір бөлігі болуға шақырады!
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны