03.12.2021, 19:15 12883

Қазақстанда қараша айында өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағасы 5,5%-ға өсті

Азық-түлік өнімдерінен өндірушілерде баға макарон өнімдеріне - 4,7%, нанға - 4,4%, жармаларға - 2,9%, бидай ұнына - 2,6%, қантқа - 2% жоғарылады.
НҰР-СҰЛТАН. 3 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда ағымдағы жылғы қарашада қазанмен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 5,5% жоғарылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тау-кен өндіру саласында бағаның мұнайға - 8,2%, металл кендеріне - 8%, табиғи газға 3% жоғарылауы байқалды.
 
Өңдеу саласында баға ферроқорытпаларға - 6,4%, мысқа - 4,8%, қорғасынға - 4,4%, алюминийге - 3,3%, асыл металдарға 2,6% жоғарылады, қара металдар илегіне 2,6% төмендеді. Мұнай өнімдерінен мазутқа - 12%, сұйытылған пропан және бутанға - 6,6%, бензинге - 3,6%, дизель отынына 1,1% қымбаттады.
 
Азық-түлік өнімдерінен өндірушілерде баға макарон өнімдеріне - 4,7%, нанға - 4,4%, жармаларға - 2,9%, бидай ұнына - 2,6%, қантқа - 2%, өсімдік майына - 1%, құс етіне - 0,8%, сүт өнімдеріне 0,7% жоғарылады, мал етіне - 1,3%, шайға 0,7% төмендеді.
 
Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда суды бөлу бойынша қызметтерге - 0,7%, электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 0,5% жоғарылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қараша айында инфляция 0,7%-ды, жыл басынан бері 7,8%-ды құрады. Қазақстанда бір айда (2021 жылғы қараша 2021 жылғы қазанға) баға азық-түлік тауарларына – 0,9%, азық-түлік емес тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге 0,3% жоғарылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны