16.01.2025, 18:57 2321
Бектенов техникалық мамандарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын кеңейтуді тапсырды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, "Отбасы банк" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басшылығы қатысты.
Отбасы банкін" даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражатты тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тәсілдері, сондай-ақ жеңілдікті бағдарламаларды қаржыландыру, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін қолдау және жаңа өнімдерді шығару бойынша ұсыныстар талқыланды. Бүгінде "Қаражанбасмұнай", "Шұбаркөл көмір", "Еуроазияттық энергетикалық корпорация", "ССКӨБ", "Қазхром" ТҰК", "Қазақстан алюминиі", "Қазақстан электролиз зауыты" сияқты ірі кәсіпорындар және басқа да ұйымдармен жұмысшы кәсіп мамандары отбасыларының тұрмысын жақсарту жұмыстары басталды.
Премьер-министр Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өтті. Банктің трансформациясы оның "бір терезе" қағидаты бойынша мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысын күшейтуге және жалпы алғанда еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша, 2024 жылдың қорытындысында Қазақстанда рекордтық 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Саланың нақты көлем индексі бір жылда 113,1%-ды құрады. 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метрге жеткізу жөніндегі Президент қойған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде азаматтарға жалға берілетін, несиелік баспанамен қамтамасыз етуі, "2-10-20", "5-10-20" және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. 2024 жылы "Отбасы банкі" 1,29 трлн теңге сомасында 71 452 несие берді, оның 39,8%-ы бастапқы тұрғын үй сатып алуға арналған. "Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша жалпы 251,9 млрд теңгеге 10 003 қарыз берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.01.2025, 18:45 2836
Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті
Достарға айту
Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті. 2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.
Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен "Terminals Astana Airport Management" ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 11:53 12376
2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 683,7 мың қазақстандық қатысты. 546,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 358,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 188,2 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 33,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 110 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 9,6 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 420 адам, "Күміс жас" жобасы аясында 19,2 мың адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 57,7 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 52,4 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 60,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 37,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 214,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 10:01 12111
Атырау облысында 1,8 млн дана балық шабағы құтқарылды
Достарға айту
Атырау облысындағы Бақсай каналында балық шабақтарының жиналу фактісі анықталды.
2025 жылғы 15 қаңтар сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 1,8 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Тірі шабақтар аталған каналдан 55 шақырым жерде орналасқан Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқару жұмыстарына 60 адам қатысуда, олардың қатарында әкімдік өкілдері, әскери қызметшілер, еріктілер және балық шаруашылығы субъектілері бар. Сондай-ақ, 12 бірлік техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құтқару кезінде балықтардың мұзданудың салдарынан суда еріген оттегінің төмен болуына байланысты жартылай әлсіреген күйде болғаны анықталды. Жайық өзеніне жіберілгеннен кейін балықтардың қалпына келуі және белсенділігі байқалады.
Сонымен қатар, өлген шабақтарды жинау жұмыстары қатар жүргізілуде.
Жағдай ерекше бақылауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 14:16 32841
"Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды
Достарға айту
Вице-премьер Қанат Бозымбаев "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ұлттық жоба инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге және коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсынуды қаматамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қызмет көрсететін 87 монополист кәсіпорындағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Осыған байланысты Жобалық кеңсеге инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясын өндірудің жаңа көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеті қойылды.
2029 жылға дейін коммуналдық желілерді жаңғыртуға инвестициялық қажеттілік 6,8 трлн теңгені, электр энергиясын өндіруге 6,2 трлн теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктерден, ұлттық қаржылық даму институттарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тартылады. Табиғи монополия субъектілерін қаржыландыру тетігін құру, жеңілдетілген қаржыландыруға немесе субсидиялауға өтінімдерді қарастыру "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға жүктелген. Жобалардың жүзеге асырылу барысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылау жүргізу "ТКШ Қазорталық" АҚ-ның құзіретіне бекітілген.
Ұлттық жобада отандық өнеркәсіптің дамуына ерекше назар аударылып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды 100% жүктеумен қатар, 27 жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс орындарын құру жоспарланған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне отандық тауар өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізімін әзірлеу, жосықсыз қатысушылар тізімін енгізе отырып, сатып алудың бірыңғай электрондық нысанын енгізу тапсырылды.
Отырыста халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін қолдау шаралары да талқыланды. Халықтың төлем қабілеті бар топтары коммуналдық қызметтерді әділ, нарықтық тарифтер бойынша төлеуі керек. Ал осал санаттағылар тұрғын үй автоматтандырылған жүйесі арқылы тарифтердің өсуінен қорғалады. Салалық министрліктерге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін отбасының жиынтық табысының 5%-на дейінгі коммуналдық төлемдерге шығындардың шекті мөлшерін бекіту, сондай-ақ тұрғын үй ауданы мен коммуналдық қызметтерді тұтынудың қолданыстағы нормаларын біріздендіру мәселесін пысықтау тапсырылды.
Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемалар ең өзекті мәселелердің бірі және олар кешенді әрі жедел шешуді талап етеді. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, екі апта ішінде Ұлттық жобаны іске асырудың Жол картасын әзірлеп, оны Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырамын", - деді Қанат Бозымбаев.
Вице-премьер Ұлттық жобаны сәтті жүзеге асыру үшін министрліктер, әкімдіктер мен жеке сектордың өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ азаматтардың белсенді қатысуы қажет болатынын баса айтты.
Осыған байланысты Ұлттық экономика, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне, Мәдениет және ақпарат министрлігімен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен бірлесе отырып, қаңтардың үшінші онкүндігінде журналистерге арналған брифинг өткізіп, халық, бизнес қауымдастық және табиғи монополия субъектілері арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деді Қанат Бозымбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 14:05 33446
Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысы дуальды оқыту арқылы мамандар даярлауда
Достарға айту
Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысы дуальды оқыту арқылы мамандар даярлауда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы - еліміздің түрлі салаларындағы кадр тапшылығын шешу жолындағы маңызды қадам. Атап айтқанда, Ақмола облысында дуальды оқыту жүйесі арқылы мамандар даярлайтын оқу орындары қарқынды дамып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанын бәріміз білеміз. Біз бұл маңызды шешімді қолдаймыз. Біздің өңірде білікті жұмысшы кадрлар тапшылығы бар. Осыған байланысты Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі жетекші бірқатар кәсіпорынмен белсенді ынтымақтаса жұмыс істеуде. Біздің колледж түлектері Ақмола облысы үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де құнды маман болатынына сенімдіміз, ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосамыз", - деп атап өтті Щучинск қаласы Жоғары техникалық колледжінің директоры Әсел Рахымжан.
Жұмысшы мамандықтары жылы Ақмола облысындағы ветеринария саласында кадр тапшылығын жоюға көмектеседі. Біздің колледжде жұмысқа орналастыру көрсеткіші шамамен 88%-ды құрайды, бізге әлі де көп нәрсеге ұмтылу керек. Оқу орнымызда дуальды оқыту бойынша дайындық жүріп жатыр: студенттер білімін 60% тәжірибеде, 40% білім беру ұйымында шыңдайды. Бұл тәжірибелік дағдыларды алуға және оларды бекітуге ғана емес, сонымен қатар кейіннен жұмысқа орналасу арқылы кәсіпорындарда ақылы тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Осылайша облысымызды кадрмен қамтамасыз етуге тырысудамыз", - деді Ақмола облысы Ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің директоры Айнұр Жансейітова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 13:49 33756
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
Достарға айту
2024 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 1,1 млн-нан астам тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі - ОТҚ) шамамен 974,6 мың, ымдау тілі қызметтеріне 8,8 мың, жеке көмекшінің қызметтеріне 27,1 мың, санаторийлік-курорттық емдеу қызметтеріне 99,9 мың тапсырыс, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Қазіргі уақытта Порталда 856 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші (бөлімшелер), 845 ОТҚ жеткізуші, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 763 ымдау тілі және 116 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 13:42 34266
Жамбыл облысында оқушы өлімі: үш оқушыға үкім шығарылды
Достарға айту
Сот үш кәмелетке толмаған оқушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айыпталған үш кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 293-б. 2-б. 1-т., 106-б. 3-б.; 28-б. 4-б. - 106-б. 3-б., 293-б. 2-б.).
Белгілі болғандай, уәмелетке толмаған сотталушылар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы, Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында 8-ші сынып оқушыларын жинап, бағыну мен нұсқауларын орындауды талап етіп, олардың кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған.
Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан кәмелетке толмаған оқиға орнында қайтыс болған.
Сотталушылар кінәларын ішінара мойындады.
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың кәмелет жасқа толмағандығын таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, Л.Н.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Л.Л.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Т.-ға - 1 жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.
Мемлекет кірісіне сот сараптамаларына жұмсалған процестік шығындар, жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем, сондай-ақ жәбірленуші тараптың пайдасына сотталғандар Л.Н.-нің заңды өкілінен 6 млн. теңге, Л.Л.-дің заңды өкілінен 5 млн теңге моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 16:08 63321
Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады
Достарға айту
Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полицияның аға лейтенанты Шалхар Байжомартов "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды.
Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығын атап өтті.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді", - деді Айдар Сайтбеков.
Қайғылы оқиға өткен жылдың 20 желтоқсанында орын алды. Жол-көлік оқиғасын тіркеу кезінде көліктердің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.
Полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов мәңгілікке өз қызметіне адал, ерлікке толы офицер ретінде есте қалады. Оның ерлігі - азаматтардың қауіпсіздігі үшін күнделікті тәуекелге бел буатын полиция қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын еске салатын үлгі", - деп түйіндеді А. Сайтбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.01.2025, 11:532024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды 16.01.2025, 10:01 11826Атырау облысында 1,8 млн дана балық шабағы құтқарылды16.01.2025, 09:46 6396Қазақстанның ІІМ заңсыз көші-қон арналарын жойды16.01.2025, 09:48 6086Таиландтан есірткіге почта арқылы тапсырыс берген қазақстандыққа үкім шығарылды16.01.2025, 10:05 5846БҚО прокуратурасының бастамасымен борышкерлер жауапқа тартылды
10.01.2025, 16:10 1003712024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 922962025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 92061Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда10.01.2025, 16:02 91781Қазақстанда 1,2 млн ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды10.01.2025, 16:30 91671Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
30.12.2024, 17:17 152681Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146806Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146521Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 146046Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135956Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті