06.04.2022, 17:55 20351

Тоғжанов Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты

Тоғжанов Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты
НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - Зейнетақы мен жәрдемақыны инфляцияға сай индекстеу үшін қосымша 111 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарының алдында мәлімдеді.
 

Халықты әлеуметтік қамсыздандыруға 4 трлн. теңге қарастырылған. Ол былтырғымен салыстырғанда 230 млрд. теңгеге артық. Кеше ғана республикалық бюджеттік комиссия Үкіметпен бірге өте маңызды шешім қабылдады. Инфляция дәлізінің 8-10% деңгейінде өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін тағы 4 пайыз индекстеу көзделіп отыр. Соның жиынтығында барлық әлеуметтік төлемдер 2021 жылмен салыстырғанда 9 пайыз, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері 11 пайыз артады", - деді Ералы Тоғжанов. 

 
Айтуынша, аталған әлеуметтік төлемдер Қазақстан бойынша 4,2 млн. адамды қамтиды. 
 

Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет аясында қосымша 111 млрд. теңге қарастырылды", - деді Үкімет басшысының орынбасары. 

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерінің нақтыланған болжамдарына сәйкес, елдегі инфляция 8-10% дәлізінде айқындалған.

Бұған дейін ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеу 9%-ға жүргізіледі деп болжаған болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны