28.07.2022, 15:56 17941

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алу тетігін қысқа мерзімде қабылдау жоспарлануда

Бұл бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алу тетігін қысқа мерзімде қабылдау жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 28 ШІЛДЕ - 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде вице-министр Ә.Ғ. Тамабектің және экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Б. Сүлейменованың төрағалығымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын іске асыру бойынша ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасы сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие механизмін енгізу қатысты кеңес өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы кеңестің қорытындысы бойынша Тараптар "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға беру тетігінің негізгі тәсілдерін талқылап, келісті. Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікті лизингке алу тетігін ағымдағы жылдың жаппай егін жинау жұмыстары басталғанға дейін, қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр. Бағдарламаның шарттары шағын және орта Ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуын ынталандыруға бағытталады", - деп хабарлады АШМ.

 
Бұл бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржыландыруды "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады.
 
Сондай-ақ, аталған кеңеске ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Жасыл Даму" АҚ және Қазақстан фермерлер одақтары қауымдастығының өкілдері қатысты.
 
Бұған дейін ҚР Фермерлер қауымдастығының басшысы Тоқаевқа ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін іске қосуды өтінген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны