05.10.2022, 18:13 16756

Тоқаев: Қазақстанға қосымша электр энергиясы қажет

Тоқаев: Қазақстанға қосымша электр энергиясы қажет
ПАВЛОДАР. 5 ҚАЗАН - Қазақстанға қосымша электр энергиясы қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жалпы, Қазақстанға қосымша электр энергиясы қажет екенін айтқым келеді. Бұл – факт. Оған қоса, шарықтау кезінде бізде энергетика тапшылығы сезіледі. Бұған жол беруге болмайды", - деді Тоқаев.

 
Ол еліміздің энергетикалық балансында көмір маңызды орын алатынын атап өтті, 70 пайыздан асады.
 

Еуропалық Одақ халықаралық аренадағы геосаяси өзгерістерге байланысты көмірді қолдану концепциясына қайта орала бастады. Қазір біз көмірді пайдаланудан бас тартпаймыз. Бірақ электр станциясы жұмысының нәтижесінде атмосфераға бөлінетін көмір массасының шығарындыларын ең аз мөлшерге дейін азайтуға мүмкіндік беретін озық технологиялар бар. Осы үздік технологияларды біздің өндірісте міндетті түрде қолдану керек", - деді ҚР Президенті.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны