11.11.2022, 18:25 16326

Қазақстан банктеріне рубльді елден әкетуге рұқсат беруді жоспарлап отыр

Қазақстан банктеріне рубльді елден әкетуге рұқсат беруді жоспарлап отыр
Астана. 11 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын дайындады. Құжат 25 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында жария талқылау үшін жарияланды.
 

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін", - делінген құжатта.

 
Екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшасыз нысанға айырбастау және шетелдік банктердегі өздерінің корреспонденттік шоттарын толықтыру үшін қолма-қол Ресей рублін Қазақстан Республикасынан әкетуі жүзеге асырылады.
 

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 шілдедегі № 490 қаулысының күші жойылды деп тану ұсынылады.

 
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік алпыс күн ішінде қолданылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны