28.12.2022, 08:36 25371

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен Алматы кәсіпкерлері 16 млрд теңгеден астам қаражат алды

Залалды өтеу жөніндегі арнайы комиссия 39 отырыс өткізді
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен Алматы кәсіпкерлері 16 млрд теңгеден астам қаражат алды
Сурет: facebook/Сергей Алексеенок
Алматы. 28 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 1639 кәсіпкер толық өтемақы алды, деп хабарлады қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Төлемдер сомасы 16 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды almaty.tv.

Ең көп зардап шеккен сауда үйлері, сауда үйлерінің ішіндегі шағын және микробизнес. Көбінесе сату аймағы. Бүгінгі таңда комиссия шешімімен 1639 жеке кәсіпкерге толықтай төлемақы төленіп болды", - деді Кәсіпкерлікті басқару және инвестициялар басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Нұрқасымов.


Жалпы, залалды өтеу жөніндегі арнайы комиссия 39 отырыс өткізді. Оның құрамына кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жауапты органдардың мамандары кірді.

Бұған дейін қаңтар оқиғасы салдарынан зардап шеккен бизнесмендер 8,3 млрд теңге сомасында төлем алғаны хабарланған болатын.


Ақпарат көзі: almaty.tv
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны