20.08.2021, 17:08 13977

Қаңтар-маусымда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 25,3%-ға артты

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 93% келеді.
НҰР-СҰЛТАН. 20 ТАМЫЗ - 2021 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 25,3%-ға ұлғайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2021 жылғы қаңтар-маусымдағы өзара саудасы 11 532,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда номиналды мәнде 25,3% көбейді, соның ішінде экспорт – 3 592 млн. АҚШ доллары (42,5% көп), импорт – 7 940,8 млн. АҚШ доллары (18,8% көп)", - деп хабарлады ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросында.

 
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 93%, Қырғызстан Республикасына – 3,6%, Беларусь Республикасына – 3,3%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.
 
 
$1 = 426,7 теңге. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны