22.11.2024, 11:33 1911
Түркістан облысында жасөспірім мектепке мина қойылды деп қоңырау шалған
Достарға айту
Түркістан облысында полиция жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасаған кәмелетке толмаған баланы тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда Жетісай ауданы оқу орындарының бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына шұғыл түрде арнайы қызметтер шығып, оқушылар мен мектеп әкімшілігін эвакуациялады.
Тексеру кезінде хабарлама жалған болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының полицейлері жарылғыш құрылғы туралы хабарлаған кәмелетке толмаған 11-сынып оқушысының жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. 14 жасқа толған адамдар бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сол себепті полиция мектеп оқушыларына қатаң ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарға заңмен тыйым салынады.
Сондай-ақ сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық шығын өтелуі тиіс. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.11.2024, 12:35 12431
Кәмелетке толмаған баланы зорлады және өлтірді деп айыпталған адам Ресейден экстрадициялады
Достарға айту
Кәмелетке толмаған баланы алдын ала сөз байласу арқылы зорлағаны және оны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Аталған тұлға 2008 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған баланы зорлаған.
Осыдан кейін күдікті зорлау үшін жауаптылықтан қорқып, таныстарымен бір топ адам болып әрекет етіп, кәмелетке толмаған баланы күштеп көлікке отырғызып, ауылдық аймаққа алып кеткен.
Жол бойында сыбайластардың бірі бұрын адам өлтіргені үшін сотталған тұлға бола тұра, жәбірленушінің мойнын ұстап, оны тұншықтырып өлтірген.
Адам өлтіруді жасыру үшін қаскүнемдер кәмелетке толмаған баланың денесін далаға көмген.
Кәмелетке толмаған баланы зорлап, оны өлтіруді ұйымдастырған, қашып үлгерген және 15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған сотталушыны қоспағанда, адам өлтіруге қатысы бар тұлғалар әртүрлі жаза түрлеріне сотталды.
Өткен жылғы қыркүйекте ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.
Қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 12:29 12621
Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды
Достарға айту
Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. сотталды.
Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 15:17 20961
Алаяқтар өздерін Қаржылық мониторингі агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстыруда
Достарға айту
Қаржылық мониторингі агенттігі қаскүнемдер өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалу арқылы алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткен жайлы хабарлайды.
Алаяқтар телефон арқылы азаматардың ақшасын бөгде біреу ұрлауға тырысып жатқаны жайлы айтып, олардың шоттарындағы қаражатты сақтау үшін жалған қызметкерлердің нұсқауларын орындауды сұрайды.
Өздерінің қызметкер екенін растау мақсатында, алаяқтар жалған куәліктер және ҚМА логотиптері бар өзге де құжаттардың фотосуреттерін жібереді.
Олардың ықпалына түскен азаматтар өз жинақтарын зиянкестердің шоттарына аударады.
Сонымен қатар, Қаржылық мониторингі агенттігінің атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшаларды ашу фактілері де жиілеп кеткен.
Белгісіз тұлғалар азаматтарға алаяқтық жобаларға салынған қаражаттарын тез қайтаруды ұсынады.
Парақшада жеке деректеріңізді, телефон нөмірін, сондай-ақ жоғалған қаражат сомасын енгізу ұсынылады.
Содан кейін әр түрлі нөмірлерден, оның ішінде шетелдік нөмірлерден де агенттер сізге қоңырау шалып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырады және банктік шотыңыз бойынша мәліметтерді алуға тырысады.
Қаржылық мониторингі агенттігі жеке тұлғаларға телефон байланысы арқылы да, мессенджерлер арқылы да қоңырау шалмайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 15:15 21236
Қарағанды облысының прокуратурасы есірткіні насихаттау фактілерін анықтады
Достарға айту
Қарағанды облысының прокуратурасы есірткіні насихаттау фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Облыс прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында өңірде есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм-каналдарды, Instagram-парақшаларын және интернет-сайттарды анықтады.
Атап айтқанда, "Telegram" және "Instagram" интернет-платформаларында жасырын бетбелгілермен айналысатын курьерлер арқылы ақша табу жолдары туралы көптеген ұсыныстар табылды.
Бұл жарнамалар көбінесе заңды табыс ретінде жасырылады, мысалы, жоғары жалақыға "қалыптаушылар" немесе "жеткізушілер" қажет деп көрсетіледі.
Нәтижесінде, "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесінің көмегімен, есірткіні жарнамалайтын және заңсыз табыс табу туралы ұсыныстар бар 250 интернет-сайт бұғатталды.
Есірткі курьерлері" немесе "есірткіні жарнамалаушылар" түріндегі күмәнды табыс үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Қылмыстық кодекстің 297-бабына сәйкес есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз өндiру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау үшiн 5 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 15:12 21436
Жамбыл облысында заңсыз мигранттармен байланысты схемалардың жолы кесілді
Достарға айту
Жамбыл облысында заңсыз мигранттармен байланысты схемалардың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Еңбек мигранттарына қатысты жағдай прокуратураның ерекше бақылауында және бұл бағытта заңнаманың сақталуына үздіксіз мониторинг жүргізілуде.
Көбіне мигранттарды тіркеу үшін уәкілетті орган қызметкерлері оларды жауапкершіліктен жалтартып әкетудің түрлі схемаларын ойлап табуда.
Тараз - қауіпсіз қала" тұжырымдамасы аясында прокурорлар Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген 25 шетелдікті анықтады, олар оқу орындарына тіркелу арқылы 1 жылға заңсыз тіркеуге қойылған.
Мысалға, Өзбекстаннан келген 19 мигрантқа М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті ретінде жалған құжаттар берілген, алайда олар бұл оқу орынның білімгері болмаған.
Аталған факті бойынша прокурорлармен ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Басқа жағдайда, 6 шетелдік азамат қаладағы университет пен колледждерге формальді түрде қабылданып, кейіннен ұзақ сабақтан қалғаны үшін оқудан шығарылды.
Жалпы мониторингпен уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған 180 шетел азаматы анықталды.
Осылайша еңбек мигранттарына кедергісіз келу және заңсыз уақытша тіркелуіне жағдай жасалған.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде мигранттарды заңсыз тіркеу жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 16:33 31256
Онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері жауапкершілікке тартылды
Достарға айту
Онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы медициналық ұйымдардың онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелеріне талдау жасады.
Жүйелік бұзушылықтар анықталды.
Дәрігерлер Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелерінің талаптарын сақтамаған.
Атап айтқанда, қатерлі ісікпен ауыратын және дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар 58 азаматтың мүгедектігі болмағаны анықталды.
Белгіленген талаптарға қайшы медицина қызметкерлері оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермей, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соқты.
Қазіргі уақытта онкологиялық науқастарды сараптамаға жіберу үшін прокурорлық қадағалау актісі бойынша материалдар дайындалуда.
Бұзушылықтар үшін онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 12:53 32226
Қазақстанға Түркиядан халықаралық террористік ұйымға қатысуы бар деген күдікті жеткізілді
Достарға айту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ү.ж. 16 қарашада ҚР Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған.
Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды.
ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 12:47 42776
ІІМ: Қазақстанда жыл басынан бері 14 жалған полиция ұсталды
Достарға айту
Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері 14 күдіктіні ұстады. Олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп, азаматтардан ақша бопсалап, алаяқтықпен және қылмыстық "қамқорлық көрсетумен" айналысқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қараша айында Шымкентте бір топ адам полиция қызметкерлерінің кейпіне еніп, "қамқорлығы" үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған.
Дәл сол сияқты Ақтөбеде екі жас жігіт қаланың екі тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, 300 мың теңге алған.
Қонаевта ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Олар өздерін жедел уәкіл ретінде көрсетіп, жәбірленушіден 500 мың теңге бопсалаған. Жалған қызметтік куәліктер, құжаттар және нысанды киім тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.
Айта кету керек, заманауи технологиялар алаяқтарға ықтимал құрбандар туралы әртүрлі ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қылмыстық схемаларын сенімді етеді. Қылмыскерлер адамдарды манипуляциялау үшін психологиялық әдістерді қолданады. Жалған полиция қызметкерлерін ұстау - бұл қауіпсіздік мәселесі ғана емес, азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бөлігі. Азаматтардың қырағылығы мұндай қылмыстардың санын едәуір төмендетуі мүмкін. ІІМ кез келген заңсыз әрекеттер туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.11.2024, 11:48ҚР Премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты президенттің тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді 22.11.2024, 11:55 7191Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 6836Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды22.11.2024, 11:04 6646Климаттың өзгеруі Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы секторына қауіп төндіреді22.11.2024, 13:44 4296Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды
15.11.2024, 15:50 87186ТЖМ құтқарушылары өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізуде15.11.2024, 15:16 77751Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды15.11.2024, 15:14 67766Абай облысында жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлері анықталды15.11.2024, 15:11 66091Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасын өлтірір кеткендер сотталды15.11.2024, 10:59 60441Іздеуде жүрген алаяқ грек аралында ұсталды
24.10.2024, 16:52 141076Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 137846Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 135146Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 130696Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 130521Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді