01.10.2021, 20:52 93008

Air Astana әуе компаниясының балансында отын қорының өте төмен деңгейі туралы хабарлады

НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАЗАН - Air Astana әуе компаниясы Қазақстанда авиаотын өндірісінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірді.
 

Air Astana Қазақстанда авиаотын өндірісі көлемінің айтарлықтай төмендеуіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Оның салдарынан әуе компаниясы балансындағы отын қоры едәуір азайды. Бір апта бұрын ҚР Энергетика министрлігі дизель отынын өндіруді арттыру үшін биылғы қазан айында Шымкент мұнай өңдеу зауытында авиаотын өндірісі екі есе қысқаратынын мәлімдеді. Одан бөлек, қазан айында Павлодар мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жүмысы жүреді, Атырау зауытынан авиаотын жөнелту тоқтатылған, ал отынның осы түрінің импорты толығымен тоқтап тұр", - делінген ақпараттық хабарламада.

 
Air Astana ақпаратына сәйкес, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы ішкі нарықты жалпы көлемі 35 000 тонна авиакеросинмен қамтамасыз ету туралы мәлімдеген.
 
Алайда, бір ғана Air Astana әуе компаниясының қолданыстағы рейстерін үздіксіз орындау үшін ай сайын 30 000 тонна авиаотын қажет.
 
Сонымен бірге Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстер біртіндеп қайта ашылып жатыр және авиакомпанияның рейс саны да өсіп келеді.
 

Air Astana Үкіметке қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына жөндеу жұмыстарының мерзімін ауыстыру және авиакеросин өндірісінің бұрынғы көлемін кем дегенде импорт жеткізілімі қайта басталғанша қайтару ұсынысымен жүгінді. Бұл шаралар қысқамерзімді перспективада авиатасымалдарды тұрақты жүзеге асыру үшін өте маңызды", - дейді Air Astana.


 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны