21.12.2021, 19:34 60656

Алты ішкі бағыт бойынша ұшулар 2022 жылы Қазақстанда субсидияланатын болады

SCAT, Qazaq Air және "Южное небо" әуе компаниялары 2022 жылы субсидияланатын рейстерді орындайтын болады.
Алты ішкі бағыт бойынша ұшулар 2022 жылы Қазақстанда субсидияланатын болады
НҰР-СҰЛТАН. 21 ЖЕЛТОҚСАН - SCAT, Qazaq Air және "Южное небо" әуе компаниялары 2022 жылы субсидияланатын рейстерді орындайтын болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Республикалық бюджеттен келесі жылы субсидияланатын 23 әуе бағдарлары бойынша конкурс өтті. Оның ішінде Түркістан қаласына 10 бағдар, Көкшетау, Петропавл қалаларында 3 бағдар, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларында 2 бағдар бар", - делінген ҚР Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

 
Субсидиялау өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар сипаттағы тұрақты рейстерді орындау үшін жүргізіледі. Ол бағыттарда рейстерді коммерциялық негізде орындау кіріс әкелмейді.
 

Тасымалдаушылар ретінде "SCAT", "Qazaq Air" және "Южное небо" әуе компаниялары анықталды. Әуе билеттерінің бағасы 9 мыңнан 25 мың теңгеге дейін болады", - деп қосты ААК.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны