04.12.2023, 18:28 53461

Қарашада іскерлік белсенділік индексі 49,0-ға дейін төмендеді.

Іскерлік белсенділік өндірісте және құрылыста жақсарғаны байқалды
Қарашада іскерлік белсенділік индексі 49,0-ға дейін төмендеді.
Қарашада іскерлік белсенділік индексі 49,0-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.

Іскерлік белсенділік өндірісте және құрылыста жақсарғаны байқалды, көрсеткіш тиісінше 51,4 (қазанда - 51,6) және 50,2 (қазанда - 48,8) болды. Құрылыста жаңа тапсырыстардың көлемі, еңбекпен қамту деңгейі жоғарылады. Ал өндірісте жаңа өнім мен тауарлық-материалдық қорлардың көлемі де ұлғайды.

Қызмет көрсету және тау-кен өнеркәсібінде көрсеткіш төмендеп, индекстер тиісінше 48,3-і (қазандағы 49,4-тен) және 47,4-ті (қазандағы 48,3-тен) құрады. Қызмет көрсетуде жаңа тапсырыс пен еңбекпен қамту көлемі төмендеп, тау-кен өндіру өнеркәсібінде тауарлы-материалдық қорлардың көлемінен басқа, барлық құрауыштардың төмендегені байқалды.

Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды бағалау көрсеткіштері төмендеді. Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 7,0 болды (2023 жылғы қазанда - 11,2).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны