24.05.2022, 17:55 11196

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 125 млрд теңге бөлуге уәде берді

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 125 млрд теңге бөлуге уәде берді
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 124,6 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл 2021 жылғы деңгейден 20%-ға артық, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қаражат мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын субсидиялауға, инвестициялық субсидиялауға және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады", - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінде.

 
Ведомствода қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің 45% мал шаруашылығына тиесілі екенін атап өтті. 
 
Осылайша, мал шаруашылығын дамытуға 121,7 млрд теңге бағытталды, оны 35 мың АӨК субъектілері алды, оның 70% астамы шағын және орта шаруашылықтар.
 

Субсидиялардың жалпы көлемінен 59,1 млрд. теңге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде тауарлы және асыл тұқымды ІҚМ аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 17,2 млрд. теңге, отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға – 15,9 млрд. теңге, шетелдік асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға – 8,8 млрд. теңге бағытталды", - деп хабарлады АШМ.

 
Шетелдік селекцияның асыл тұқымды ІҚМ басын әкелу есебінен бүгінгі күні асыл тұқымды мал басының үлесі едәуір артып, жалпы ІҚМ басының 13% құрады.
 

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары есебінен 53 инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде 35 сүт-тауар фермасы, 7 құс фабрикасы бар", - деп атап өтті министрлікте.

 
Ағымдағы жылы 62 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны