06.03.2023, 13:03 53881

Қазақстан маусымаралық кезеңде Тәжікстаннан пияз сатып алатын болады

Қазақстан маусымаралық кезеңде Тәжікстаннан пияз сатып алатын болады
Сурет: Depositphotos
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,4 млрд долларды құрады

Астана. 6 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев пен өңірлер өкілдері бастаған қазақстандық делегация Тәжікстанда жұмыс сапарымен болды. Нәтижесінде тараптар маусымаралық кезеңде Тәжікстаннан Қазақстанға ерте пиязды жеткізу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі.
 
ҚР Сауда министрлігінде айтылғандай, келіссөздердің негізгі тақырыбы - қазақстандық нарықты алдағы маусымаралық кезеңде қажетті көкөніс- жеміс өнімдерімен қамтамасыз ету.
 
Арман Шаққалиев атап өткендей, бүгінгі таңда елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығая түсуде. Мәселен, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,4 млрд долларды құрады. Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт көлемі 9,7% - ға артып, 877,6 млн долларға жетті.
 
Тараптар сауда саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға келісті.
 
Бұған дейін Сауда министрлігінің басшысы тұрақтандыру қорларынан көкөністерді броньсыздандыру көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын.
 
Қаңтар айында пияз бағасы көкөністер арасында айтарлықтай жыл сайынғы өсім көрсетті (бірден 62,4%-ға, 143 теңгеге дейін).
 
Қаңтарда көкөністі жаппай экспорттауды болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін ҚР-дан пияз экспортына үш айлық тыйым салынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны