27.12.2021, 18:17 23871

Қазақстан мен Ресей азық-түлік тауарларының бірлескен нарығын құрады

Уфада азық-түлік тауарларының қазақстандық-ресейлік халықаралық нарығын құру туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан мен Ресей азық-түлік тауарларының бірлескен нарығын құрады
Сурет: zen.yandex.ru/Вестник Экономики
УФА. 27 ЖЕЛТОҚСАН - Уфада азық-түлік тауарларының қазақстандық-ресейлік халықаралық нарығын құру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Келісім Еуразиялық тауар өткізу жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Құжатта екі елдің сауда-тарату желілерінің мемлекетаралық коммерциялық өзара іс-қимылын ынталандыру, сондай-ақ цифрлық, жобалық, құрылыс, логистикалық және технологиялық шешімдерді біріздендіру, сондай-ақ оларды құру және пайдалану рәсімдері негізінде КТО желілерін салуды қолдау көзделген", - делінген ҚР Сауда және интеграция министрлігінің сайтында.

 
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары кмынадай мәселелер бойынша ұзақ мерзімді байланыстар орнату болып табылады:
 
- іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат алмасу;
 
- нарықтарға, жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктеріне жүргізілген зерттеулер туралы ақпарат алмасу;
 
- бірыңғай талаптарды қамтамасыз ететін, экспорттық-импорттық тауарларды сатып алу, жеткізу, төлеу процестерін оңайлатуға мүмкіндік беретін КТО көтерме-тарату орталықтарын құрудың және пайдаланудың жобалық, құрылыс, логистикалық және технологиялық шешімдері мен рәсімдерін біріздендіру үшін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты бірлесіп жүргізу;
 
- тауар өткізу желілеріндегі өнім қозғалысының агротехникалық, өндірістік, логистикалық, басқарушылық, қаржылық процестерін байланыстыратын кешенді инновациялық цифрлық өнімді жасау.
 
Уфада "Строй-Инвест" ЖШҚ (Башқұртстан Республикасы), көтерме-тарату орталықтарының ұлттық қауымдастығы (Мәскеу қаласы), "Ұлттық сауда-тарату желісі" ЖШС (Қазақстан Республикасы) және "Ростелеком" ЖАҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны