02.05.2023, 11:32 29891

Қазақстан сүт өнімдерінің импортына тәуелді болып қала береді

Елімізде сүт өнімдерінің өндірісі қысқаруда
Қазақстан сүт өнімдерінің импортына тәуелді болып қала береді
Астана. 2 мамыр. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның өз өндірісі есебінен өнімдермен қамтамасыз етілуі туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9%-ға өсіп, 2,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте азық-түліктің негізгі түрлерін: өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері, жарма, шұжық өнімдері мен қантты өндіру бойынша өсім байқалады", - деді Ербол Қарашөкеев.


Меншікті өндіріс есебінен қамтамасыз ету 2022 жылы шұжық өнімдері бойынша 56,4%-дан 61%-ға дейін, алма бойынша 73,7%-дан 75,6%-ға дейін, құс еті бойынша 65,4%-дан 68%-ға дейін, қант бойынша 42,6%-дан 51%-ға дейін ұлғайды.

Сонымен қатар, Қарашөкеев атап өткендей, өндірісі төмендеген бірқатар өнімдер бар және олар негізінен сүт өнімдері: сары май, сүт, ірімшік және сүзбе, ашытылған сүт өнімдері

Бұл ретте ірімшіктер мен сүзбе бойынша 56%-дан 53%-ға дейін төмендеу байқалады", - деді министр.


Осылайша, сүт өнімдері бойынша тағы да төмендеу байқалады. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, бұл бүгінгі таңда сүт өнімдерін өндіру проблемалы екенін растайды, бұл шикізат базасының дамымауымен байланысты.

Сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат базасын кеңейту үшін өңірлік ӘКК арқылы ірі тауарлы-сүт фермаларының құрылысын жеңілдікпен қаржыландыруда Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесін кеңейту жөніндегі жоба іске асырылуда.

Жобаны іске асыру нәтижесінде отандық сүт зауыттары сапалы шикізатпен қамтамасыз етіледі және сүт бойынша импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендейді.

Осы мақсаттарға 2023 жылға өндірістік қуаты жылына 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 тауарлы-сүт фермасын құруға 100 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Келесі жылдары жоспарда қосымша 50 тауарлы-сүт фермасын салу бар, оған 113 млрд теңге қаражат қажет", - деді Е. Қарашөкеев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны