27.09.2022, 14:58 14301

Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті - Смайылов

Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті - Смайылов
АСТАНА. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда дәнді дақылдардың жалпы жиналысын 18 млн тоннадан астам деңгейге жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы сейсенбі күні Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Премьер-Министрдің айтуынша, егін орағы аяқталып қалды. Осы жылдың қолайлы жағдайлары егіннің сапасына оң әсер етті. Түсім орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деп күтілуде. 
 

Ендігі міндет – өнімнің сапасын төмендетпей, дұрыс сақтау. Сонымен қатар ішкі сұранысқа және экспортқа қажетті астық көлемін нақты бөліп қою керек. Биыл да Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті", — деді Әлихан Смайылов.

 
Премьер-Министр өнімділіктің оң динамикасын атап өтті: өткен жылы орта есеппен гектарына 9,8 центнер өнім жиналса, биыл 13 центнерді құрап отыр, бұл 30%-ға жоғары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны