24.11.2022, 13:02 23571

Қазақстанда 1 қыркүйекке дейін әкелінген автокөліктерді заңдастыру үшін салық мөлшерлемесі бекітілді

Алым сомасы 200 мың теңгені құрайды.
Қазақстанда 1 қыркүйекке дейін әкелінген автокөліктерді заңдастыру үшін салық мөлшерлемесі бекітілді
Сурет: Depositphotos
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Парламенті Салық кодексіне 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді тіркеу үшін алым мөлшерін бекітетін түзетулерді қабылдады.
 
Заң жобасы 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға шетелден әкелінген автомобильдерді бастапқы тіркеу үшін алымның бірыңғай мөлшерлемесін қолдануды көздейді.
 
Алым сомасы 200 мың теңгені құрайды.
 
Бұл тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
 
Сақтандыру компанияларының мәліметтері бойынша, елде 300 мыңнан астам шетелдік автокөлік бар. Олардың барлығы дерлік Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен - Ресей, Армения, Қырғызстан және Беларусьтен әкелінді (99%).
 
Ішкі істер министрлігі көлікті заңдастыру процедурасы барынша жеңілдетіледі деп сендірді. Заңдастыруға өтінішті смартфон арқылы қашықтан беруге болады. Автокөлік қылмыстық және кедендік есепке алу бойынша автоматты түрде тексеріледі. Егер автомобиль тексеруден сәтті өтсе, оның иесі арнайы ХҚКО-ға келіп, құжаттарды тіркеуге тапсыра алады. Автокөліктерді заңдастыру кезінде кәдеге жарату алымы төленбейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны