01.09.2021, 18:24 18065

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы деңгейі көтерілетінін айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өспегенін және қазіргі уақытта "оның деңгейін қайта қарайтын кез келгенін" атап өтті.
 

Қазақстан ең төменгі жалақы деңгейі бойынша ТМД-ның бірқатар елдерінен артта қалып қойды. Сондықтан, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шара бір миллионнан астам адамға тікелей, ал бүкіл еңбеккерлерге жанама әсер етеді", - деді Президент.

 
Оның пікірінше, көлемі бүгінде жария етіліп жүрген жалақының 30, тіпті кейде 40 пайызына дейін жететін "көлеңкелі" еңбекақы қорын азайтады.
 

Ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту ішкі тұтынуды өсіріп, экономикаға оң әсер етеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл Ішкі жалпы өнімді 1,5 пайызға арттырады. Бұдан былай ең төменгі жалақыны салықтық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде орынсыз пайдалануды қою керек", - деп атап өтті Тоқаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны