01.07.2024, 16:12 13056

Қазақстанда ірі-қара малдың саны 2 млн басқа азайды: АШМ деректерді өзектендірді

Қазақстанда ірі-қара малдың саны 2 млн басқа азайды: АШМ деректерді өзектендірді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығындағы статистикалық мәліметтерді жаңарту бойынша жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Ауыл шаруашылығын дамытудағы жүйелі проблемалық мәселелердің бірі - қала, кентжәне ауылдық округ әкімдері жүргізетін шаруашылық есебінің негізінде қалыптастырылған мәліметтерді пайдалануға байланысты салалық статистиканың бұрмалануы.

Қате кіріс деректері нарықтағы өнім тапшылығы, артық өндіріс, мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі және басқа да жағымсыз салдарлар сияқты күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.

Саланың тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласындағы статистикалық деректерді сәйкестендіру жұмыстарын аяқтады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны бағытындағы әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректерін өзектендіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, ірі қара мал басы шамамен 2 млн басқа, сүт өндірісі 3 млн тоннаға, қой саны - 14% -ға, ешкі - 20%, шошқа - 34%, үй құсы - 22%, тірі салмақтағы ет өндірісі - 15%, тауық жұмыртқасы - 10%қысқарды.

Тиісті деректер жоспарлау мен ішкі нарықты реттеу бойынша шешімдер қабылдау сапасын арттырады.

Дәл осындай жұмыстар өсімдік шаруашылығында да жүргізілуде, оны 2024 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны