20.06.2022, 15:59 11186

Қазақстанда ұлттық жобалар 43%-ға жеткіліксіз қаржыландырылған

Бұл туралы Парламент палаталарының кеңейтілген отырысында Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова айтты.
Қазақстанда ұлттық жобалар 43%-ға жеткіліксіз қаржыландырылған
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАУСЫМ - Үкімет 10 ұлттық жобаны тиісті деңгейде қаржыландыра алмады.
 
Бұл туралы Парламент палаталарының кеңейтілген отырысында Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова айтты.
 

Өткен жылдың күзінен бастап Үкімет 10 республикалық жобаны іске асыруды бастады, оларды бюджеттік қаржымен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Өкінішке орай, олай болмады, 43%-дан астамына қаржы толыққанды жетпеді. Ал аса маңызды міндеттерді тиімді шешу үшін толықтай қаржыландыру қажет. Сондықтан ұлттық жобаларды нақты қаржылық мүмкіндіктерге бейімдеген жөн", – деді Годунова.

 
Оның айтуынша, Үкімет бұл жұмысқа қазірдің өзінде кірісіп кеткен.
 
Наталья Годунова ел аумағын аймақтарға бөліп, әлеуметтік-әкімшілік нысандарды салу кезінде бір шаршы метрге кететін шығынға шектеу қойған орынды деп санайды. Оның ойынша, бұл сол ақшаға көбірек құрылыс салуға мүмкіндік береді.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны