30.09.2021, 19:55 35842

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларды өткізу тәртібі өзгереді

Құжаттың басты мақсаты – мемлекеттік сатып жүйесін жетілдіру, сатып алу рәсімінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту.
НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжаттың басты мақсаты – мемлекеттік сатып жүйесін жетілдіру, сатып алу рәсімінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту.
 

Қаржы министрлігі Электронды қаржы орталығының деректеріне сәйкес, 2020 жылы жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарының көлемі 5,9 трлн. теңгені құраған. Оның ішінде 2,4 трлн. теңгеден астам сомаға тең шарттар тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған. Бұл көрсеткіш мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемінің 40 пайыздан астамын немесе ЖІӨ-нің 3,6 пайызын құрайды", – деді сенатор Еділ Мамытбеков.

 
Заң жобасындағы жаңашылдықтардың бірі – бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажетті негіздемелер санын қысқарту. Осыған орай әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алуды тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты орналастыратын Мемлекеттік сатып алу веб-порталы интеграциялаған жаңа ақпараттық жүйе – электрондық дүкен арқылы жүргізу ұсынылып отыр. Мұндай сатып алулар жалпы құны АЕК-тің 4000 еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі.
 
Сенаторлар заң жобасын жан-жақты талқылаған соң, аталған құжатты екінші оқылымда қарау туралы шешім қабылдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны