03.02.2025, 16:58 1791

Қазақстанда жылдық инфляция шамамен 9% құрады

Қазақстанда жылдық инфляция шамамен 9% құрады
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы қаңтарда үдеп, бір жылда 8,9% (2024 жылғы желтоқсанда - 8,6%), бір айда - 1,1% құрады (өткен айда - 0,9%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.

Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,8% (2024 жылғы желтоқсанда - 13,3%), азық-түлік емес тауарларға - 8,4% (2024 жылғы желтоқсанда - 8,3%), азық-түлік тауарларға - 5,8% өсті (2024 жылғы желтоқсанда - 5,5%).

Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда тарифтер суық суға - 43,2%, су бұруға - 26,1%, орталықтан жылытуға - 23,1%, ыстық суға - 21,3%, электр энергиясына - 18,9%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 12%, қоқыс шығаруға 10,3% өсті.

Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне - 26%, байланыс қызметтеріне - 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 12%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне - 11,9%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге - 11,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне - 10,9%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне 9,3%, жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру - 18,6%, қалалық автобуспен - 10,5%, жолаушылар әуе көлігімен 7,2% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 15,3% өсті.

Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына - 41,5%, зергерлік бұйымдар және сағаттарға - 24,9%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге - 22,9%, киім және аяқ киімге - 10,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 10,3%, фармацевтикалық өнімдерге 8,6% өсті. Ағаш - 15,4%, сұйытылған газ баллондағы - 10,2%, тас көмір 8,6% қымбаттады.

Бағаның өсуі картопқа - 59,3%, басты пиязға - 25,1%, минералды және ауыз суға - 16,7%, темекі өнімдеріне - 14,6%, кондитерлік өнімдерге - 13,3%, сары майға - 13%, салқындатылған сусындарға - 12,3%, қайта өңделген және консервіленген балыққа - 11,9%, жеміс және көкөніс шырындарға 11% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына - 21,6%, сәбізге 5,3% байқалды.

Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы қаңтарда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын он екі өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары - Астана қаласында (11,2%), Қарағанды (9,9%), Батыс Қазақстан (9,7%), Солтүстік Қазақстан (9,6%) облыстарында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны