13.06.2022, 16:26 7576

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 5,4%-ға артты

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7 725,6 млн АҚШ доллар құрады.
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАУСЫМ - Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,4%-ға көбейді.
 
2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі тауарлар экспорты 2 298,7млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (1,2% көп), импорт – 5 426,9 млн АҚШ доллары (7,4% көп). 
 
Алдын ала деректер бойынша, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7 725,6 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,4%-ға көбейді, деп жазады Ұлттық статистика бюросы.
 
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 93,1%, Қырғызстан Республикасына – 3,8%, Беларусь Республикасына – 3,1%, Армения Республикасына – 0,06% келеді.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны