28.09.2022, 14:45 17871

Қазақстанның кәсіпорындары өз қызметкерлеріне 3,5 млрд теңгеден астам қарыз

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 562 нұсқама беріліп, 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қазақстанның кәсіпорындары өз қызметкерлеріне 3,5 млрд теңгеден астам қарыз
АСТАНА. 28 ҚЫРКҮЙЕК - Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 618 кәсіпорнында 15,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 556,7 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 562 нұсқама беріліп, 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
 

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 313 млн теңге төленді", - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны