06.10.2022, 13:25 14696

Қазақстанның ОПЕК+ аясындағы міндеттемелері қараша айына тәулігіне 1,628 млн баррельді құрайды

Сондай-ақ ОПЕК+ елдерінің 19-шы кеңесінде мақұлданған базалық деңгей бекітілді.
Қазақстанның ОПЕК+ аясындағы міндеттемелері қараша айына тәулігіне 1,628 млн баррельді құрайды
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 6 ҚАЗАН - 2022 жылғы 5 қазанда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Вена қаласында (Австрия) ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысына қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Отырыс барысында тамыз айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды. Келісімді 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Қатысушы елдер мұнай өндіруді осы жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың тамыз айының деңгейінен тәулігіне 2 млн. баррельге қысқартуға келісті.
 
Сондай-ақ ОПЕК+ елдерінің 19-шы кеңесінде мақұлданған базалық деңгей бекітілді.
 
Мониторинг комитетінің отырысын әр екі ай сайын, министрлік кездесулерді әр 6 ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Артық өндірісті өтеу мерзімі 2023 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылды.
 
ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, Қазақстан үшін қарашаға арналған міндеттемелер тәулігіне 1,628 млн. баррельді құрайды.
 

Елдер Келісім шеңберінде елдердің міндеттемелерді сақтауының маңыздылығы туралы тағы да келісті", - деп атап өтті Энергетика министрлігі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны