18.11.2024, 12:58 811
Қазатомөнеркәсіп Буденовское кен орнының "Солтүстік" учаскесінде уранды барлау құқығын алды
Достарға айту
Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Түркістан облысының Созақ ауданындағы Шу-Сарысу уран провинциясында орналасқан Буденовское кен орнының "Солтүстік" учаскесінде уранды барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге алғаны туралы хабарлайды. Осы учаскеге жер қойнауын пайдалану құқығы тек Қазатомөнеркәсіпке тиесілі.
Солтүстік" учаскесі уранның ірі кен шоғырының болуына байланысты айтарлықтай әлеуетке ие. Оның қолайлы геологиялық жағдайлары және жұмыс істеп тұрған кен орындарына жақындығы табысты және ұзақ уақыт игеру үшін бірегей мүмкіндіктер туғызады. Бұл жоба Қазақстанның уран өндіру саласын дамытудағы маңызды кезең болатынына және біздің компанияның ұзақ мерзімді құндылығын құруға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз", - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Алдын ала бағалаулар бойынша Р1 және Р2 санаттары бойынша учаскедегі уран ресурстары 100 мың тоннадан асады, бұл одан әрі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін берік негіз жасайды. Болашақта ресурстарды нақтылау және оларды жоғары санаттарға (С1 және С2) ауыстыру жоспарлануда. Бұл учаскенің әлеуетін барынша тиімді пайдалануға және Компанияның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын іске асыруға мүмкіндік береді.
Уранға әлемдік сұраныстың артуы жағдайында бұл жоба жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстанның атом энергетикасының әлемдік нарығындағы ұстанымын нығайтуға қосылған маңызды үлес болады. Қазатомөнеркәсіп уранның минералдық-шикізат базасын толықтыру және ұлғайту мақсатында жаңа перспективалы учаскелерді іздеу және игеру жөніндегі жұмысты жалғастыра бермек, бұл компанияның одан әрі өсуіне және ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.11.2024, 15:34 16721
Samruk-Kazyna Ondeu күкірт қышқылы қалдықтарынан тротуар плиткасын шығару өндірісін іске қосты
Достарға айту
Samruk-Kazyna Ondeu күкірт қышқылы қалдықтарынан тротуар плиткасын шығару өндірісін іске қосты, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Бұл инновация өндірістік қалдықтар көлемін азайтып қана қоймай, жол салуға арналған сапасы жоғары материалдарды жасауға мүмкіндік береді.
Күкірт қышқылын өндіруден кейін қалатын күкірт қалдықтарын кәдеге жарату жобасы Жану проблемалары институты мамандарының қолдауымен Степногорск күкірт-қышқыл зауытының ("SSAP" ЖШС) базасында іске қосылды.
Күкірт қалдықтарын пайдалана отырып шығарылатын күкірт-бетон өндірісі цемент пен суды қажет етпейді. Осылайша, аталған технология климаты қатал Қазақстанның жол құрылысы үшін таптырмас шешім болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 15:31 16906
2024 жылдың 10 айында Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды
Достарға айту
2024 жылдың 10 айында Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.
Өткен жылмен салыстырғанда теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 3 % - ға, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау 18 % - ға өсті. Құрық паром кешені арқылы жүк автокөлік құралдарын өңдеуде 22 %-ға өсу байқалады. Ақтау порты арқылы өткен 27 мыңға жуық контейнерді қоса алғанда "Шығыс-Батыс" транзиттік қатынасындағы контейнер тасымалының көлемі 84 % - ға ұлғайған.
Сондай-ақ, биыл Құрық портының "Саржа" терминалы аталған кезеңде Түркия мен Иран бағытында шамамен 55 мың тоннаға жуық жүк (түсті металдар, аммофос, арпа) өңдеді. Сонымен қатар, Құрық портының "Ерсай" теңіз терминалынан 2024 жылы Қазақстан арқылы Әзірбайжаннан Өзбекстанға транзитпен 153 габаритті емес жүк тасымалданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2024, 14:12 28011
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады
Достарға айту
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тараптар Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP29) тиісті келісімге қол қойды. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл Ислам даму банкінің тарихындағы қаржыландырған ең көлемді жобасы екенін атап өтті.
Сонымен қатар Ислам даму банкі (ИДБ) Қазақстанның су саласын дамытуға $3,5 млн көлемінде өтеусіз грант бөлді.
Сондай-ақ ИДБ Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген "Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту" жобасын іске асыруға қатысады. Бұған дейін тараптар Жобаның бірінші кезеңі бойынша келіссөздер хаттамасына қол қойған болатын.
Қаржыландырылатын жобаның бірінші кезеңі Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салуды және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялауды, 115 каналды реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қарастырады. Құрылыс жұмыстары Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүргізіледі.
Бұдан басқа, жоба ИДБ мен Министрлік арасындағы Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Су және өзен бассейндерінің мәселелерін зерделеудегі техникалық ынтымақтастықты, сондай-ақ су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауды көздейді.
Оның ішінде "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын техникалық жарақтандыру және су ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін автоматтандыру орталығын салу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы су саласына инвестиция тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті. Біздің алдымызда су инфрақұрылымын жаңғырту және болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімдеу міндеті тұр. Ислам даму банкі сияқты беделді институттың қаржыландыруы елімізге деген жоғары сенімді, жүргізіліп жатқан инвестициялық саясат пен әлеуметтік-экономикалық реформаларды куәландырады", - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 14:15 34996
Елімізде жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа астық терминалы пайдалануға берілді
Достарға айту
Маңғыстау облысындағы Құрық портында қуаттылығы жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа астық терминалы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда порт аумағындағы "Kaspi Grain Way" жеке компаниясының астық терминалы Қазақстанның түкпір-түкпірінен астық дақылдарын қабылдауға дайын.
Жоба аясында 28 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарды біржолғы сақтау мүмкіндігі бар 18 сүрлем салынды. Құбырлардың өнімділігі сағатына 300 тоннаны құрайды.
Терминал дәнді дақылдарды Қазақстаннан Иранға, Кавказ өңірі елдеріне және одан әрі экспорттайды.
Бүгінгі таңда астық терминалында шамамен 14 мың тонна арпа сақталып тұр. Биыл осы терминалдан Құрық портының №4 айлағы арқылы 3 500 тонна арпаның бірінші жүк партиясы Иранға жөнелтілді.
Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау шеңберінде іске асырылып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 14:02 35261
Қазан айында Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеп маусымдық мамандықтарға сұраныс артты
Достарға айту
Қазан айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі-ЭЕБ) 123,7 мың бос жұмыс орны және 106 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда іздеу және жалдау белсенділігі төмендеді: бос жұмыс орындарының саны 9%-ға (13 мың), ал түйіндеме 13%-ға (16,5 мың) азайды. Белсенділіктің төмендеуі білім беру саласындағы сұраныс пен ұсыныстың төмендеуімен түсіндіріледі, оқу орындарында кадрларды даярлаудың аяқталуына байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
Алайда, қыркүйек айындағы сияқты, жылыту маусымына көшу кезеңі жылу және қазандық жабдықтарына қызмет көрсету мен оларды пайдалануға қаьысты қызметкерлерге сұраныстың артуына себеп болды.
Мәселен, өткен айда қазандық операторлары (+5,9 мың), қазандық машинистері (+1,1 мың) және қазандықтар жұмыскері (+969) үшін бос орындар саны артты. Мұндай мамандарға жоғары сұраныс Батыс Қазақстан (2,9 мың бос жұмыс орны), Ақтөбе (1,3 мың) және Жамбыл (974) облыстарында байқалды.
Сұраныстың айтарлықтай өсуі мал өсірушілер мен жануарларды күту жұмыскерлері сияқты мамандықтарға да тіркелді, бұл әсіресе, мал шаруашылығындағы қысқы кезеңге дайындық кезеңінде маңызды.
Өңірлер бөлінісінде ең белсенді білікті кадрларды Қарағанды облысынан (9,5 мың бос жұмыс орны немесе жалпы санының 8%), сондай-ақ Алматы қаласынан (9,3 мың немесе 7,5%), Батыс Қазақстан облысынан (9,2 мың немесе 7,5%) және Астана қаласынан (8,1 мың немесе 7%) жұмыс берушілер іздеді.
Бұл ретте қазан айында бос жұмыс орындарының жалпы саны келесі өңірлерде азайды: Алматы (-44%, немесе -3,9 мың), Жетісу (-37%, немесе -1,6 мың) және Астана қаласында (-34%, немесе -4,1 мың).
Сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі кейбір аумақтарда өзекті мәселе болып қала береді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 5,5 мың бос орынға 2,5 мың түйіндеме, Солтүстік Қазақстан облысында 4,1 мың бос орынға 2 мың түйіндеме, ал Павлодар облысында 6,5 мың бос орынға 3,4 мың түйіндеме тіркелді.
Шымкент қаласында, Қызылорда және Түркістан облыстарында бос орындар санынан тиісінше 54%, 48% және 47%-ға түйіндеменің артық болуы байқалуда.
Қазан айында жоғары жалақы бас құрылысшыларға (орта есеппен 679 мың теңге), бас техникалық мамандарға (шамамен 565 мың теңге) және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженерлерге (шамамен 554 мың теңге) ұсынылды.
Бұл ретте инвестициялық жобалар жөніндегі директор (орта есеппен 2 млн теңгеден бастап), өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (шамамен 1,8 млн теңге) және комбайнер (1,2 млн теңге) лауазымына үміткер ізденушілер ең жоғары жалақыны сұрады.
Жалпы, қазан айында ЭЕБ белсенділік төмендеді, бұл әсіресе, білім беру саласында байқалып отыр. Сонымен қатар қысқы маусымның басталуы жылу өндірісі жүйесінің жұмысшыларына сұраныстың артуына себеп болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2024, 13:43 47641
Қазақстанға Шаньдундағы "Қытай-ШЫҰ" сауда-экономикалық аймағында 600 шаршы метр алаң бөлінеді
Достарға айту
Қазақстанға Шаньдундағы "Қытай-ШЫҰ" сауда-экономикалық аймағында 600 шаршы метр алаң бөлінеді, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанға Шаньдун провинциясының Циндао қаласында орналасқан "Қытай-ШЫҰ" өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығының пилоттық аймағында өтеусіз негізде 250-ден 600 шаршы метрге дейінгі алаң берілетін болды. Аталған келісім Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайға жұмыс сапарының нәтижелерінің бірі болды. Сондай-ақ, министр Шаққалиев бастаған делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Шаньдун арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайту болды.
Шаньдун өңірін 100 млннан астам халық мекендейді. Шаньдун Қытайдағы экономикасы әлдеқайда дамыған аймаққа жатады. Экономиканың негізін автомобиль, электроника, нефтехимия, металлургия және ауылшаруашылығы салалары құрайды. Маңызды ауылшаруашылық өнімдеріне бидай, жүгері және көкөніс кіреді.
Кездесу барысында сөз алған Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсян Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін айтты.
Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан Шаньдунға экспорт көлемі 8 млрд юаньді құрады. Шаньдундық 45 компания Қазақстанға 2 млрд юань көлемінде инвестиция құйды. Министр мырза сіздің бұл сапарыңыз Қазақстан мен Шаньдун провинциясыарасындағы қарым -қатынасты одан әрі нығайтуға серпінбереді деп сенемін" - деді ол.
ҚР Сауда және интеграция министр Арман Шаққалиев Шаньдун губернаторының ыстық ықыласына ризашылығын білдіре отырып, екі ел Президенттерінің алға қойған тапсырмасына тоқталды.
Қазақстан мен Қытай мәңгілікке стратегиялық әріптес болып табылады. Біздің қарым-қатынасымызда жаңа алтын отыз жылдықты аштық. Өткен жылдың қортындысы бойынша Қытай Қазақстанның нөмірі бірінші сауда әріптесі болды. Екі ел арасындағы тауар айналымы 41 млрд АҚШ долларын құрады. Екі елдің көшбасшылары тауарайналымын 80 млрд АҚШ долларына дейін жеткізумақсатын қойды. Біз үшін экономикасы қарқынды дамыпжатқан Шаньдун провинциясы үлкен қызығушылық тудырып отыр", - деді министр.
Одан әрі қазақстандық делегация Шаньдун провинциясының "Shandong Hi-Speed Group", "Shandong Energy Group", "G-WEIKE", "Lingong Heavy Machinery", "Tsingtao" сияқты жетекші компанияларында болды. Аталған компаниялардың өндірістік қуаттарымен танысып, тау-кен және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.
Tsingtao Beer Group" компаниясымен ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар шиікзаттық емес экспортты ілгерлітеу мақсатында Семейдегі сыра зауытын қайта жандандыру мәселесі сөз болды. Осы зауыттан шыққан өнім Қазақстан нарығын ғана емес, Орталық Азия және ЕАЭО кіретін елдерді де қамтуға мүмкіндік береді.
Шаньдун Қытайдағы көлік жүйесі дамыған өңір болып табылады. Провинция Бейжің, Шанхай және тағы басқа қалалармен жоғары жылдамдықтағы теміржолдарымен байланысады. Әлемдік нарықтарға экспорттық өнімдерді жіберіп отырған Циндао мен Яньтае порттары халықаралық саудада маңызды рөл ойнайды.
Ал Цзинань қаласының мэрі Юй Хайтенмен кездесу барысында жоғары жылдамдықты темір жол бағыты және өнеркәсіптік кооперация, жасыл энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 13:40 68831
Алматы облысында жылына 3,5 мың тонна өнім өндіру қуатымен ет комбинаты салынуда
Достарға айту
Кеген ауданының Тасашы ауылында "Кеген МясоПром" ет өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның құны - 2,5 млрд теңге, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
Зауыт ірі және ұсақ малдың, сондай-ақ жылқы етін өңдейді, Алматы облысының тұрғындарын жоғары сапалы ет, шұжық және консервіленген өнімдермен қамтамасыз етеді.
Жоба 2024 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Зауыттың өндірістік қуаты бір ауысымда 40 бас ірі қара, 150 бас ұсақ мал және 10 жылқыны союға есептелген.
Шұжық цехының қуаты бір ауысымда 1,5 тонна шұжық өнімдерін, консерві зауытының қуаты 1 000 банка өнім шығаруға есептелген.
Толық қуатына шыққаннан кейін ет комбинаты жылына 3 мың тоннаға дейін ет өңдейді және 331,5 тонна шұжық өнімдерін, 66 тонна ет консервісін шығарады.
Кеген және Райымбек аудандарының тұрғындарынан мал нарықтық бағамен сатып алынады, ет комбинатын өз шикізатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін өздігінен азықтандыру алаңдарын ашу жоспарлануда.
Жоба аймақтағы мал шаруашылығы саласының дамуын ынталандыруға және сапалы және арзан ет өнімдеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтарлықтай жақсартуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.11.2024, 12:57 69056
Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 170 пайызды құрады
Достарға айту
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 171,2%-ды құрады (2023 ж. - 269 мың тонна). Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оның ішінде:
метил-терт-бутил эфирі - 37,3 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6% (2023 ж. - 33,1 мың тонна);
полипропилен - 241 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 56% (2023 ж. - 154,1 мың тонна);
- бензол - 26,6 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 33% (2023 ж. - 20 мың тонна);
- параксилол - 109,4 мың тонна 6 есеге ұлғайды (2023 ж. - 17,8 мың тонна);
майлау материалдары - 46,2 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,2% (2023 ж. - 43,9 мың тонна).
Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ЕО, ТМД, Қытай, Түркия, Ресей елдері болып табылады.
Сондай-ақ салада қуаттылығы жылына 305 мың тоннаға дейін бутадиен және оның туындыларын, полиэтиленді өндіру бойынша жобалар іске асырылуда, іске қосу мерзімі 2030 жылға дейін жылына 1 250 мың тонна.
Осылайша Министрлік мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға, яғни мұнай-газ-химиясы өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.11.2024, 12:49Қазақстанда 50,2 млн тонна жем дайындалды 18.11.2024, 12:52 2391Қайтарылған активтердің 8 млрд теңгесі Ақтөбеде балабақша салуға жұмсалады18.11.2024, 13:40 1501Бакуде COP29 аясында "Жасыл энергетика және инновация: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" панельдік сессиясы өтті18.11.2024, 10:40 1316Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды18.11.2024, 12:47 1106ІІМ: Қазақстанда жыл басынан бері 14 жалған полиция ұсталды
14.11.2024, 15:36 92716Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады14.11.2024, 15:30 92586Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді14.11.2024, 15:44 92546Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді14.11.2024, 15:50 92491ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады14.11.2024, 15:01 92406Қазақстан "Серпін" бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
24.10.2024, 16:52 140121Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 136866Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 134221Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 129791Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 129611Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді