18.11.2024, 12:47 1471
ІІМ: Қазақстанда жыл басынан бері 14 жалған полиция ұсталды
Достарға айту
Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері 14 күдіктіні ұстады. Олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп, азаматтардан ақша бопсалап, алаяқтықпен және қылмыстық "қамқорлық көрсетумен" айналысқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қараша айында Шымкентте бір топ адам полиция қызметкерлерінің кейпіне еніп, "қамқорлығы" үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған.
Дәл сол сияқты Ақтөбеде екі жас жігіт қаланың екі тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, 300 мың теңге алған.
Қонаевта ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Олар өздерін жедел уәкіл ретінде көрсетіп, жәбірленушіден 500 мың теңге бопсалаған. Жалған қызметтік куәліктер, құжаттар және нысанды киім тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.
Айта кету керек, заманауи технологиялар алаяқтарға ықтимал құрбандар туралы әртүрлі ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қылмыстық схемаларын сенімді етеді. Қылмыскерлер адамдарды манипуляциялау үшін психологиялық әдістерді қолданады. Жалған полиция қызметкерлерін ұстау - бұл қауіпсіздік мәселесі ғана емес, азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бөлігі. Азаматтардың қырағылығы мұндай қылмыстардың санын едәуір төмендетуі мүмкін. ІІМ кез келген заңсыз әрекеттер туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.11.2024, 10:40 1176
Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Достарға айту
Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 15:14 37091
Абай облысында жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлері анықталды
Достарға айту
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерлерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады, деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.
Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 15:11 37281
Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасын өлтірір кеткендер сотталды
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Приходченко отбасын өлтіру фактісі бойынша көптеген жарияланымдар мен түсініктемелерге сүйене отырып, кінәлілер азамат "E"-ні өмір бойына бас бостандығынан айыруға, азамат "О"-ны 21 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, азамат "С"-ны 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталғанын хабарлайды.
О" және "С" азаматтарына қатысты жазаның жеңіл болуына орай облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді.
Осыған байланысты 2024 жылдың 12 қарашасында облыстық сотқа апелляциялық шағым енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 14:03 37851
Қазақстанда "синтетиканы" сататын 80-нен астам telegram-арналар бұғатталды
Достарға айту
Көлік прокуратурасы әлеуметтік желілерде 80-нен астам есірткі арнасына тосқауыл қоюды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерді бақылау барысында елімізде синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналары анықталды.
Нәтижесінде "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы 80-нен астам телеграм арналары бұғатталды.
Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 10:59 38611
Іздеуде жүрген алаяқ грек аралында ұсталды
Достарға айту
Іздеуде жүрген алаяқ грек аралында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады.
2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.
Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 15:06 51086
Саяхат, элиталық автомобильдер және жылжымайтын мүлік: қайырымдылық қорының басшысы 1,5 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Достарға айту
Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды.
Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алды.
Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы "St. Regis", "Shangri-La", "Palazzo Versace" және "Kempinski" сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.
Бұл елдерде ол "Cartier" және "Louis Vuitton" сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.
Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Осылайша, Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған.
Күдікті ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 15:03 51331
Ерейментау да тіркеуден жасырылған ауыр қылмыс анықталды
Достарға айту
Ерейментау ауданының прокуратурасымен тіркеуден жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.
Ағымдағы жылы тіркеуден жасырылған ауыр қылмыс анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Осылайша, жеке кәсіпкер М. дүкенінен тауарлы-материалдық құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша полицияға хабарласқан, алайда полиция қызметкерлері бұл қылмысты ұзақ уақыт бойы тіркеуден жасырған және оны ашуға ешқандай шара қолданбаған.
Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу жөнінде полицияға тапсырма берді. Нәтижесінде күдікті тұлғалар ұсталып, іс сотқа жолданды.
Полиция бөлімінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 14:55 51291
Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды
Достарға айту
Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі.
Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.
Ағымдағы жылғы қазанда күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.11.2024, 12:49Қазақстанда 50,2 млн тонна жем дайындалды 18.11.2024, 12:52 2391Қайтарылған активтердің 8 млрд теңгесі Ақтөбеде балабақша салуға жұмсалады18.11.2024, 13:40 1501Бакуде COP29 аясында "Жасыл энергетика және инновация: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" панельдік сессиясы өтті18.11.2024, 10:40 1316Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды18.11.2024, 12:47 1106ІІМ: Қазақстанда жыл басынан бері 14 жалған полиция ұсталды
14.11.2024, 15:36 92716Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады14.11.2024, 15:30 92586Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді14.11.2024, 15:44 92546Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді14.11.2024, 15:50 92491ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады14.11.2024, 15:01 92406Қазақстан "Серпін" бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
24.10.2024, 16:52 140121Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 136866Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 134221Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 129791Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 129611Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді