"Қазатомөнеркәсіп" уран өндірісін 2025 жылы 100%-ға дейін ұлғайтпақ
Сурет: kazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп", "ҚАӨ" немесе "Компания") 2025 жылға арналған өзінің өндіріс бөлігіндегі стратегиясы туралы хабарлайды. Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның 2025 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жоспарланған өндіріс көлемін 100%-ға дейін ұлғайту жөніндегі стратегиясын мақұлдады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Қазатомөнеркәсіп нарыққа бағдарланған стратегияны және өндіріс пен сату мәселелеріндегі тәртіпті тәсілді ұстанады, сондай-ақ, біз уран нарығында көптен күткен тарихи оң өзгерістің басталғанына куә болғанымызға қуаныштымыз, - Компанияның коммерция жөніндегі бас директоры Дастан Көшербаев деді. - Қазатомөнеркәсіп қатарынан жеті жыл бойы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде уран өндірісін жоспарланған көлемнен 20%-ға төмен сақтай отырып, нарықтық тәртіпті көрсетті және Компания 2024 жылы өндіруге қатысты өз шешіміне әлі де адал (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірудің жоспарланған деңгейімен салыстырғанда 10%-ға төмен). Біздің нарыққа бағытталған стратегиямызға сәйкес, 2025 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірістің 100% деңгейіне оралу ниетіміз ең алдымен келісімшарттардың мықты портфеліне және 2023-2024 жылдарға арналған консервативті өндіру сценарийлері кезінде өндіріс көлемінен асып түсетін сату көлемінің өсуіне байланысты. Қазатомөнеркәсіп өзінің жоғары сапалы активтерімен және өндірістің өзіндік құнының төмендігімен нарықтық жағдайдың жақсаруына толықтай жауап беруге дайын, өйткені біз бұл саланың толықтыру қажеттілігіне байланысты ұзақ мерзімді келісімшарттық белсенділіктің жаңа цикліне енгенінің айқын белгілерін көріп отырмыз. Компанияның келісімшарттарының қазіргі портфелі 2025 жылдың қосымша көлемі нарықтық сұраныспен бекітіліп, Қазатомөнеркәсіптің жеткізу бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға бағытталатынына сенімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді.
Компания жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өз рөлін түсінеді және жоғары бағалайды. Жалғасып жатқан геосаяси белгісіздік және онымен байланысты тәуекелдер жағдайында Қазатомөнеркәсіп табиғи уранды сенімді жеткізуші ретіндегі өзінің көшбасшылық ұстанымын толық көлемде сақтай алады және энергия компанияларының ESG әлемдік стандарттарына сәйкес келетін тәуекел деңгейі төмен юрисдикциялардан уран жеткізу көздерін әртараптандырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге дайын".
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірістің 100% деңгейіне оралу туралы шешім, ең алдымен Компания уран нарығының жақсарып келе жатқан конъюнктурасы аясында жаңа және қолданыстағы клиенттермен орта мерзімді және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуды жалғастыратындығымен байланысты. 2025 жылғы өндірістің қосымша көлемі Компанияның 2025 жылы және одан әрі жеткізу жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерін орындауға бағытталатын болады.
Бұл шешімді іске асыру Компанияның 2024 жылға жоспарланған өндіріс көлемімен салыстырғанда 2025 жылы әлемдік бастапқы уран өндірісінің болжамды деңгейін 6 000 тоннаға дейін ұлғайтуға әкеледі деп күтілуде. 2025 жылға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірістің жалпы көлемінің 100% - на жетіп, 2025 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі, осылайша, 30 500 - 31 500 тонна уран (100% негізде) деңгейде күтілуде. Бұрын хабарланғандай, 2024 жылдан 2025 жылға дейін өндіру көлемінің жылдық өсуі елеулі болып табылатынына қарамастан, оның негізгі бөлігі нарықтық шарттарда жасалған Компанияның орта мерзімді және ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде сақталған. Өндірістің осы көлемнен тыс кез келген ықтимал ұлғаюы елеулі күрделіліктермен ұштасуы мүмкін, өйткені геосаяси белгісіздік және жаһандық жеткізілім тізбегіне қатысты қиындықтар, жоғары инфляциялық қысыммен қатар жалғасуда. Компания 2025 жылы өндіру көлемінің болжамды ескере отырып, 2024 жылға арналған бюджеттер мен өндірістік жоспарларды дайындау үшін бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестермен және уран өндіруші еншілес кәсіпорындармен жұмысты бастайды. Тез өзгеретін нарықтық жағдайларға жауап беру үшін Компания нарықтағы жағдайдың дамуын бақылауды жалғастырады және икемділікті сақтайды. 2025 жылдан кейінгі өндірістік жоспарлар мен өндіру көлеміне қатысты шешім қабылданған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.