04.07.2022, 16:23 13661

ҚДКБҚ Capital Bank Kazakhstan салымшыларына өтем төлеу мерзімінің аяқталғаны туралы хабарлады

Бір жыл мерзімде таратылатын банктің салымшыларына ҚДКБҚ шамамен 1,6 млрд теңге төленді, бұл банк бойынша кепілдіктің жалпы сомасының 92% асады.
НҰР-СҰЛТАН. 4 ШІЛДЕ - Ағымдағы жылы 4 шілдеде "Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бір жыл мерзімде таратылатын банктің салымшыларына ҚДКБҚ шамамен 1,6 млрд теңге төленді, бұл банк бойынша кепілдіктің жалпы сомасының 92% асады. Төлемдердің максималды сомасы 15 млн теңгеге жетті, минималды сомасы – 10 теңгеге дейін болды. Кепілдік берілген өтемді төлеу "Еуразиялық банк" АҚ агент-банкінің бөлімшелерінде де, сондай - ақ, онлайн берілген өтініштер бойынша ҚДКБҚ жүргізілді. 
 
Осыған дейін ҚДКБҚ салымшыларды кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімінің аяқталу күні және салымшылар талап етпеген кепілдік сомасының БЖЗҚ 2022 жылғы 3 шілдеге дейін аударылғаны туралы мәлімдеген болатын.
 
Қазіргі таңда ҚДКБҚ атап өткендей, ҚР заңнамасына сәйкес салымшылардың БЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарына кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомаларын аудару шаралары жүргізіліп отыр. Ақшаны есепке алу ағымдағы жылдың 2 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі, бұл туралы ҚДКБҚ және БЖЗҚ қосымша хабарлайды.
 

Төлем мерзімі асқаннан кейін азаматтар, талап етілмеген сома БЖЗҚ аударылған жағдайда да, өтем алу үшін жүгінуге құқылы болады. Бұл мүмкіндікті белгілі бір себептермен белгіленген мерзімде төлем алуға өтініш бере алмаған салымшылар ғана пайдалана алады. Ол үшін салымшы ҚДКБҚ -дәлелді себептердің бірінің бар екенін растайтын құжаттарды қосымша тапсыру арқылы, жазбаша өтініш беруі қажет, - деп қосты ҚДКБҚ төрағасы Адиль Утембаев. 

 
ҚДКБҚ басшысы заңға сәйкес төлем мерзімі аяқталғаннан кейін кепілдік берілген депозиттерді төлем мерзімі кезеңінде әскери қызметте, Қазақстаннан тыс жерлерде бас бостандығынан айыру орындарында болған, мұра қабылдаған немесе сот белгілеген өзге де себептері болған салымшылар ала алатынын нақтылап айтып кетті. 
 
Бүгінгі күні ҚДКБҚ Қазақстанда таратылатын барлық тоғыз банк бойынша салымшыларға төлемдерді аяқтағанын еске салды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны